130
Пайғамбарлар тарихы
Бірақ алға жығыл десе, артқа жығылатын кертартпа
халық, тіпті кері кетті. Ибраһим пайғамбарға айтар
ешқандай татымды сөзі қалмаған соң олар ебін тауып
Ибраһимды келемеждейтін немесе соққыға жығатын.
Хақ пайғамбар осының бәріне төзді. Ең соңғы рет
жүрек жарды сөзін айтып ақиқатқа шақырды. Бәрібір
кері кеткен халық оны теріс қабылдады, тіл тигізді. Ке-
лемеждеді. Сонда ол еліне: «Уа, халқым! Сендер менің
тура дінімді жоққа шығардыңдар. Ендігі жерде сен-
дермен, сірә, басымыз біріге қоймас. Сендер жалғыз Хақ
тағалаға иман келтіріп, пұттардан бас тартанға дейін
осы жаулық пен қастық жалғаса бермек. Біз бәріміз
бір елдің баласы болсақ та, сендер жалғыз Жаратқанға
қарсы шыққан соң, туыстығымыздың ешбір маңызы
қалмады. Өйткені иман мен күпір әсте бірге бола ал-
майды. Ендеше бірінің жүрегіне иман ұялаған, енді
бірінің жүрегін күпір жайлаған ағайындылар ешқашан
бір-біріне жақын бола алмайды. Қай кезде сендер пұтқа
табынғандарыңды қойып, Хақ тағалаға сәжде етсеңдер,
сол сәттен бастап арамыздағыжаулық достыққа, қастық
сүйіспеншілікке айналады»
189
, – дейді.
Хазірет пайғамбар және өзіне иман келтіргендер
осыданкейінмүшріктуыстарыменқарым-қатынастарын
біржолата үзді. Хақ пайғамбар осы күнге дейін елінен
көп жапа шеккен еді. Өзіне иман келтірген аз ғана
мұсылманның жағдайы тым нашарлап кетті. Сол себеп-
ті оның хижрет етуі туралы Хақ тағаладан уахи келді.
Ол еліне:
«Мен Раббымның маған әмір еткен жеріне
кетемін. Раббым маған жол көрсетеді»
190
,
–
дейді.
189
«Мумтахинә» сүресі, 4
190
«Саффат» сүресі, 99