134
Пайғамбарлар тарихы
қуанышы ұзаққа созылмады. Ол баланы және оның
анасын көрген сайын жүрегіне «шіркін мен де ана
болсам» деген арман ұялай бастады. Осы бір арман-
тілек күннен-күнге ұлғайып, жараға айналып, ақыры,
хазірет Ибраһимге бір күні сырын жайып салды. Ол
ерінің өзге әйелден бала сүйгеніне ешқандай қарсылығы
жоқ екендігін, қайта қуанышына ортақтығын, бірақ
оларды көрген сайын өзінің де ана болғысы келетіндігін
алайда ана бола алмайтындығын ойлаған сайын, жаны
жай таппай, жүрегі сыздайтындығын айтты. Һәм оның
бала туа алмауы Хақ тағаладан берілген бір сынақ еді.
Егер ана мен бала көз алдында жүрсе, осыған сабырлық
таныта алмай, сынақтан сүрінуі мүмкін-ді. Сол се-
бептен ана мен баланы өзінен ұзақ бір жерге апарып
тастауын өтінді. Осы кезде Хақ тағаладан уахи келіп,
әйелінің өтінішін орындауын бұйырды. Яғни бұл жер-
дегі хикмет – хазірет Исмайылдың Меккеде өсуі тиіс
болатын. Мінеки, хазірет Сараның да өтініші осыған
сәйкес келді. Хақ пайғамбар жас әйелі мен баласын
Мекке төңірегіндегі тау-тастың қуысына әкеліп таста-
ды. Айнала елсіз сахара, жерге қылтаң шықпайтын.
Хазірет Ибраһим оларға бар-жоғы бір қоржын құрма
мен бір торсық су қалдырды. Ол кетіп бара жатқанда,
Ажар ана да артынан қалмай: «Ибраһим! Бізді қайда
тастап кетіп барасың? Мына елсіз тау-тастың арасы-
на бала-шағаңды шынымен-ақ тастамақпысың?» – деп
таңдана сауал тастады. Хақ пайғамбар Аллаһ тағаланың
әмірін қаз-қалпында орындай алмай қаламын ба деп
қорқып, артына бір рет болсын мойын бұрмады. Сонда
Ажар дауыстап: «Әлде саған осылай істе деп Аллаһ
тағала әмір етті ме?» – дегенде ғана, ол: «Иә» деп жауап
берді. Сонда ғана хазірет Ажар кілт тоқтап: «Олай