Previous Page  137 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 137 / 352 Next Page
Page Background

137

Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)

бара жатты. Олар ұзақтан Қағбаның төбесінде бір

құстың айналып ұшып жүргенін байқайды. Жархам

тайпасының ақсақалы «құс бар жерде сөзсіз су болады,

қанеки барып көріп келіңдер» деп екі адамын жібе-

реді. Олар сол жерге жақын бір төбенің басына шыға

қап суды көріп өз көздеріне өздері сенбей дереу артқа

қайтып, көргендерін ақсақалдарына жеткізеді. Олар

бұлақ басына жеткенде сол жердегі күркеде бір әйелдің

құндақтағы сәбиімен ғана тұрып жатқанын байқайды.

Олар әйелден:

– Біз де осы жерге келіп қоныстансақ деп едік.

Осыған рұқсат етесің бе? – деп сұрайды. Ол:

– Әрине,

болады.

Судан

қалағандарыңша

пайдаланыңдар. Бірақ түптің түбінде «су біздікі» деп

таласпайсыңдар. Судың иесі мен, – деп жауап береді.

Жархам тайпасы осылайша сол жерге шатырларын

тігіп қоныс тебеді. Хазірет Ажар да олар келген соң

жалғыздықтан айықты. Көп жыл өткен соң бұл жер

қауым елге айнала бастады. Бұл – Ибраһимнің (а.с.)

дұғасының қабыл болуының белгісі еді. Жархам – сол

аймақтағы арабтардың тайпасы болатын. Хазірет Ис-

майыл өсе келе араб тілін үйреніп, сол тайпаның бір

қызына үйленді.

Құрбандықтың қасиеті

Уақыт зулап өтіп жатты. Көзді ашып жұмғанша

хазірет Исмайыл да тепсе темір үзетін жігіт болды. Ан-

да-санда әкесі Ибраһим келіп, екеуі бірге таудан отын

таситын. Бір күні Ибраһим пайғамбар түс көреді. Кейбір

деректердебұлкүнніңЗилхижжа, яғниқажылықайының

сегізінші күні екендігі айтылады. Түсінде өз баласы Ис-

майылды Аллаһ тағала жолында құрбандыққа шалып