135
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
болса Аллаһ бізді қараусыз қалдырмайды», – деп арты-
нан жәудірей қарап қалды.
Мінеки бұл жерде пайғамбарға да оның әйеліне де
жарасатын үлгі-өнеге бар. Пайғамбардың Хақ тағалаға
деген иманының беріктігі сол – тіпті әйел, бала-шағасын
елсіз, сусыз «Құлан жортпас қу медиен далаға» тастап
артына бұрылмай кетіп бара жатса да, әйелі бұның
Хақ тағаладан екендігін білген сәтте ерінің артынан
жүгірмей, тәуекел етіп қалып қойды. Осылайша жалғыз
ана баласымен сахарада тау мен тастың арасында қала
берді. Айналада өзен тұрмақ, бұлақ та жоқ. Қыл аяғы
қылтан да жоқ. Оның үстіне ми қайнаған аптап ыстық.
Түздің жыртқыш аңдары өз алдына.
Хақ пайғамбар бала-шағасынан бөлініп сүт пісірім
жер жүрген соң тоқтап, Қағба жаққа қарап қолын жайып
дұға етті.
Ол Құранда былайша берілген:
«Я, Раббым! Осы қаланы бейбіт қыл! Мені және
ұлдарымды пұттарға табынушылардың қатарынан
етпе!»
191
;
«Уа, Раббым! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз
ойпатқа, құрметті үйіңнің жанына орналастырдым.
Уа, Раббымыз! Олар намаз оқитын болсын! Шүкір
етсін десең, адамдардың көңілін оларға ауатын қыл,
оларды жемістеріңмен ризықтандыр!»
192
.
Зәмзәм бұлағы
Хазірет Ибраһим кеткен соң Ажар ана қолындағы
шаранасымен жапан далада жалғыз қалды. Бірақ
қарап отырмай, сол жердегі бір ағаштың жапырағынан
191
«Ибраһим» сүресі, 35
192
«Ибраһим» сүресі, 37