138
Пайғамбарлар тарихы
жатқанын көрді. Әлгі түсін ертеңіне қажылық айының
тоғызыншы (арапа) күні тағы да көреді. Оныншы күні
(құрбан айт) күні үшінші рет көреді. Сосын бұл түстің
жай ғана түс емес, Хақ тағаланың әмірі екендігін айқын
аңғарады. Аллаһ тағала Ибраһим пайғамбарды ауыр
сынаққа салған еді. Бір пайғамбардың баласын құрбан
етіп шалуы, әлбетте, оңай емес. Сондықтан Хақ тағала
оған түсінде үш рет аян беріп, ауыр сынаққа бойын
әсте-әсте үйретеді.
Хақ пайғамбар баласы Исмайылға «Қолыңа балта
мен пышақ, жібіңді ал, тауға отын алуға барамыз», –
деді. Осылайша екеуі жолға шықты. Жолда баласы-
на көрген түсін айтты:
«Балам! Бірнеше күннен бері
ылғи түсімде сені құрбандыққа шалып жатқанымды
көремін. Осыған сен не дейсің?» Баласы ойланбастан:
«Әкешім-ау! Саған қандай нәрсе әмір етілсе соны дереу
орындағаның жөн. Иншаллаһ мені Хақ тағаланың
әміріне бағыну тұрғысында сабыр етушілердің
қатарынан табасың»
193
, – деді.
Исмайылдың бұл жауабынан оның Аллаһтың әмірін
екі етпейтін аса бағынышты құл екендігі байқалды.
Ибраһим (а.с.) зор тәуекелге барды. Баласының жауа-
бына іштей қатты сүйсінді.
Олар жолда келе жатқанда, алдарынан Ібіліс
шығып, Ибраһим пайғамбарды азғыруға тырысты. Ол
көрген түсінің шайтани түс екендігін «адам өз баласын
өзі құрбандыққа шала ма екен?» деп жолын кес-кестеді.
Алайда Хақ пайғамбар оның сөздеріне құлақ аспады.
Одан соң Ібіліс хазірет Исмайылды азғырып, осы
күнге дейін әкесінің айдалаға анасымен бірге жалғыз
тастап кеткенін, қанша жылдан соң көріссе де, баласын
193
«Саффат» сүресі, 102