Previous Page  144 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 352 Next Page
Page Background

144

Лұт пайғамбар (а.с.)

Садум елі

Хазірет Ибраһим пайғамбар жары Сара мен інісі

Лұтты ертіп Бабылдан Харранға қарай хижрет еткен

болатын. Ибраһим пайғамбар сонда қалды да, інісі Лұт

Садум еліне кетті. Кейіннен оған пайғамбарлық міндет

жүктелді.

Садумелібұрын-соңдыболмағантағылыққабасқан-

ды. Оларда еркек пен еркектің жыныстық қатынас

жасауы қалыпты саналатын. Еркектері күні бойы жол

торып, ер кісілер өте қалса, тас лақтыратын. Тасы кімге

тисе, соны қорлайтын. Шайтан бұлардың осы бір осал

жерінен ұстап, азғындықтың шыңырауына құлатып,

тұзақтарына түсіретін. Олардың осы азғындықтарын

жыртқыш аңдардың өзі істемейтін. Осындай азғын елге

Хақ тағала хазірет Лұтты пайғамбар етіп жіберді.

Лұт пайғамбар (а.с.) өзіне уахи келісімен, дереу іске

көшіп оларды ақиқат жолына шақырды. Ол алдымен

өзінің оларға жіберілген пайғамбар екендігін айтып,

өзінебағынуқажеттілігінтүсіндірді.ОлтуралыҚұранда:

«Сол уақытта оларға туысы Лұт: «Қорықпайсыңдар

ма?», – деді. «Мен сендерге сенімді бір елшімін. Енді

Аллаһтан қорқыңдар да, маған мойынсұныңдар»

197

,

деп айтылады.

Хақ пайғамбар өзінің пайғамбар екендігін айтқан

соң, оларға күн-түн демей тура жолды уағыздап,

197

«Шұғара» сүресі, 161-163