148
Пайғамбарлар тарихы
құлақ аспады. Олар: «Ей, Лұт! Біз сені өзгелердің ісіне
араластың деп жолыңа бөгеу болмадық қой. Енді неге
біздің жолымызды кесесің. Біз саған үйіңе қонақ кіргіз-
бе деп ескертіп едік қой. Сен қалауыңша таза бола бер.
Бірақ біздің ісімізге араласпа. Бізде кемшілік болса, ол
өз ісіміз. Сенің бізде шаруаң болмасын!»
205
– деп жан-
жағынандаурығысты.Лұтпайғамбар (а.с.) олардыбұлай
тоқтата алмайтынын білген соң: «Уа, халқым! Міне,
қыздарым. Олар сендер үшін әлдеқайда таза. Оларды
сендерге некесін қиып берейін. Аллаһтан қорқыңдар.
Араларыңда жақсы мен жаманды айыра алатын дені
түзу біреу жоқ па?» – дейді. Самуд халқының еркек-
тері: «Ей, Лұт! Сен осы күнге дейін бізді білмейтін
бе едің? Сенің қыздарыңда біздің шаруамыз жоқ. Сен
біздің не қалап тұрғанымызды жақсы біліп тұрған
боларсың?» – деп дүрсе қоя берді. Лұт пайғамбар
олардың мына сөздерінен кейін қатты қысылып: «Шір-
кін-ай! Дәл қазір сендерге қарсы тұратын бір құдіретім
яки қорғана алатын титтей мүмкіндігім болғанда, мы-
надай күйге түспес едім»
206
, – дейді. Оның осы сөзіне
қатысты Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Аллаһ Лұтқа
рақым етсін. «Мықты бір қорғанды паналасам» деп, сол
кезде қатты қиналып, Аллаһқа сиынуды ойламаған», –
дейді
207
. Осы кезде оның қатты күйзелгенін байқаған
періштелер шындықты жайып салды: «Ей, Лұт! Біз
сенің Раббыңның елшілеріміз. Қорықпа! Бізге түк те
істей алмайды. Сенің халқың адасудан арылғылары
келмей қасарысып жатыр. Бұдан соң олардың түзелуі
әсте мүмкін емес. Сен қанша насихат айтқанмен, оларға
205
«Хижр» сүресі, 70
206
«Һұд» сүресі, 80
207
Бухари.