152
Пайғамбарлар тарихы
тері – сырт көзге тартымды болулары қажет. Жай ғана
жараның өзі олардың осы ерекшеліктеріне қайшы
келеді. Өйткені олар пайғамбар болғандықтан, қасына
келген адамдарды шошытпай, қашан да дене-бітімімен
де өзіне тартып тұруы тиіс. Сондықтан олардың тәнінде
қандай да бір кемістік болмайды.
Әйюб пайғамбардың (а.с.) науқасы да осыған сай
науқас еді. Осы науқасын кейбір кітаптарда «денесін-
де құрт қаптап, кеулеп жеп жүрді» деп берілген. Бұлай
деп ойлау үлкен қателік. Оның дерті – пайғамбарлыққа
жарасар дерт. Әйтсе де осы дерті күннен күнге меңдеп,
жанына қатты батқаны сол, оны көрген адамдар
қасында көп тұра алмайтын. Бұрын соңды болмаған
мұндай дертті көрмеген халық оған жаны ашып
жүректері ауырса да, көңілін сұрап баруға дәті шыда-
майтын болды. Қасында сүйген жары – Рахима ғана
қалып, күндіз-түні жанынан бір елі айырылмай, күтімін
жасады. Қолы қалт еткенде, жеңіл-желпі жұмыс жасап,
күн көріс нәпақасын тауып отырды. Осыған орай бір
күні Рахима әлдебір шаруалармен сыртқа шығып
кеткен болатын. Сол мезгілде хазірет Әйюбтың (а.с.)
дерті қатты асқынып, жаны қысылып әйелін көмекке
шақырды. Оған жауап қайтарған әйелі болмады. Осы-
лайша сүт пісірім уақыт өтті. Жаны қиналған Әйюб
(а.с.) қатты ашуланып: «Осыдан дертімнен айықсам,
оған жүз дүре соғамын», – деп ант етті.
Ауыр дертке шалдыққан Хақ пайғамбар азап-
тан арыла алмай Аллаһ тағалаға сабырлық көрсетіп,
жаны қанша қиналса да, құлшылығы мен зікірін
азайтпады. Қайта уақыт өткен сайын, Жаратқанға
деген сүйіспеншілігі, сабырлығы, құлшылығы һәм
жақындығы арта түсті.