Previous Page  156 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 352 Next Page
Page Background

156

Жақып пенЖүсіп (а.с.)

пайғамбар

Ибраһимпайғамбардыңнемересі–ЖақыпЫсқақтың

үлкен баласы. Одан басқа Ысқақтың Аис деген баласы

болған. Аис Шам жаққа қоныс аударғанда, Жақып (а.с.)

Канған жеріндегі қара шаңырақта қалып қойған. Кейін-

нен оған пайғамбарлық келген шақта, ол халқын хақ

дінге шақырып, туралыққа бастады.

Жақыптың (а.с.) он екі ұлы болды. Кейбір дерек-

терде бұлардың аттары былай айтылады: Яһуда, Рубин,

Шәмун, Ләуи, Яшшуһуз, Зәбулун, Зәуәнә, Тәфтуна,

Кәуза, Ушир, Жүсіп және Буниамин. Он екі ұлдың ең

кішілері Жүсіп пен Буниямин еді. Осы екеуі Жақып

пайғамбардың басқа әйелінен туған.

Жақыптың (а.с.) лақап аты – Исрайыл. Оның он екі

ұлынан он екі тайпа тарап, олар Исрайыл ұрпақтары

болып аталып кетті.

Жақып пайғамбар екінші әйелінен туған осы Жүсіп

пен Бунияминді қатты жақсы көрді. Өзге ұлдарына

қарағанда Жүсіпті көзінің қарашығындай аялап,

мейірім-шапағатын аямай төгетін. Шамасы, бала

Жүсіптің алда талай тар жол, тайғақ кешуден небір

қиын-қыстау кезеңнен, ауыр сынақтардан тайсалмай

өтетінін, балаларының ішінен пайғамбарлық дарып, сол

міндетті абыроймен атқаратынын сезсе керек. Әйтсе де

өзге он баласы оның Жүсіпті елден ерек жақсы көргенін

қызғанып, мұның соңы інілері Жүсіпке қастандық

жасауға дейін барады.