Previous Page  161 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 352 Next Page
Page Background

161

Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар

жерде Хақ тағалаға тәуекел еткеннен басқа жол жоқ»,

– дейді. Жақып пайғамбар балаларын қанша қыстаса

да, шындықты айтпайтынын біліп, оларды одан ары

ұрысып, қинап сұраққа алып, өз жанын жаралағысы

келмеді. Хақ тағалаға тәуекел етіп, әліптің артын бақты.

Мұнда Жаратқаның бір хикметі барын сезді.

Ал опасыз он ұлы әкесінің тергемегеніне риза

болып, мақсатымызға жеттік деп, бөріктерін аспанға

атып қуанды.

Хазірет Жүсіп құдықтың ішінде үш күн, үш түн

жатты. Осыуақыт ішінде тек қара сумен ғана қоректенді.

Жүсіп бұл кезде әлі бала болса да сабырлықпен төзе

білді. Өмірден үмітін үзбеді. Үш күннен соң Мәдяннан

Мысыр еліне қарай бет алған керуен осы құдықтың

қасына келіп тоқтайды. Керуенбасы бір адамын дереу

суға жұмсайды. Әлгі адам құдыққа келіп шелегін тастап

жіберіп қайта тартқанда, салмағы едәуір ауыр сезіледі.

Әлгі адам шелек суға толды екен деп ойлап, бар күшін

жинап тартқанда, шелекпен бірге жас баланың шыға

келгенінкөріпбіржағынанқаттытаңырқап, біржағынан

қуанып кетіп: «Сүйінші! Бұл бала ғой!» – деп айқайлап

жібереді

230

. Ол баланы алып керуенбасына тапсырады,

керуенбасы баланы өздерімен бірге алып, Мысыр еліне

қарай сапарын жалғастырды.

Мысырды ол кезде перғауындар емес, Йемен

жақтан келген «амалиқалықтар» басқаратын. Олар

перғауынды жеңіп, сол жерде төрт жүз жыл патшалық

құрған. Хазірет Жүсіп заманында кейбір деректер-

де Рәйяан ибн Уәлид атты бір патша елге өз әмірін

жүргізгені айтылады.

230

«Жүсіп», сүресі, 19