162
Пайғамбарлар тарихы
Керуен көп ұзамай Мысырға келді. Қалада арнайы
құл базары бар болатын. Керуен иелері осы құл
базарының қайнаған ортасына бала Жүсіпті сатуға
қойды. Сол кезде Мысыр еліндегі жоғары лауазымды
ақсүйек, Китфир деген кісі бала сатып алмақшы боп,
сол базарға барған болатын. Ол үйленгелі көп жыл өтсе
де, әйелі Зылиха әлі бала көтермеген еді. Олар базардан
өздеріне әрі бала, әрі қызметші ретінде Жүсіпті лайық
деп табады. Керуен иелері бала Жүсіпті оған болмашы
ақшаға сатып жіберді. Ол баланы үйіне алып келіп, Зы-
лихадан сүйінші сұрап жатып: «Бұған жақсылап қара!
Кім біледі, күндердің күнінде бізге қатты бауыр басып
баламыз болып кетуі де мүмкін», – дейді.
Хазірет Жүсіп балиғатқа толған шағында, Хақ
тағала оған ілім мен хикметті, түс жору ілімін үйретті.
Ол адамдар арасында төреші болып, елге қол ұшын
беріп, халықтың қалаулысына айналды. Өзінің мінезі
қандай көркем болса, өскенде сондай сымбатты сұлу
жігіт болды. Оның сымбаты мен сұлулығын көрген
жұрт есінен тана таңырқайтын. Зылихаға күйеуі «өз
балаңдай қара» деп тапсырса да, күн өткен сайын сол
сөзді ұмытып, сұлу Жүсіпке көңілі ауып, ессіз ғашық
болды. Ақыры, Зылиха сарайында ешкім жоқ орайды
пайдаланып, есік біткеннің бәрін ішінен бекітіп
тастады. Сосын Жүсіптің бөлмесіне барып оны өзіне
шақырды
231
. Алайда бозбала Жүсіп өзіне қамқор болған
қожайынының әйелінен мұндай арсыздықты күтпеген
еді. Ол қас-қағым сәтте не істерін білмей сасып қалды.
Осы кезде оның көз алдына әкесі Жақып пайғамбардың
бейнесі келді. Әкесінің бейнесін көре сала, дереу есін
жиып, қарсылық білдірді. Зылиханың арам пиғылын
231
«Жүсіп», сүресі, 23