Previous Page  163 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 352 Next Page
Page Background

163

Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар

сезе қойды. Амалсыз есікке қарай қашуына тура келді.

Ол қашып бара жатқанда, Зылиха «тоқта» деп айқайлап

қуа жөнелді. Есікке жете бергені сол еді, Зылиха оның

көйлегінің артқы етегінен шап беріп ұстап, күштеп

тартып қалғанда, көйлек дар етіп жыртылады. Ол бұған

да қарамай, есіктің ілгегін ағытып сыртқа шыға берген-

де, алдынан Зылиха өзінің немере ағасы мен күйеуін

көріп қалды. Жүсіп ұялғанынан кірерге тесік таппады.

Артынан қуа шыққан Зылиха да оларды көрген

кезде дереу сайқалсып, жәбір көрген адамдай

кемсеңдеп күйеуіне: «Сенің әйеліңе жамандық ойлаған

біреудің жазасы сөзсіз зындан немесе жан түршігерлік

азап!» деп ашулы жүзін Жүсіпке бұрды. Сонда Жүсіп

Китфирдің жүзіне қарай алмай төмен қарап: «Жоқ,

қайта ол көңілімді өзіне тартпақшы болды. Ал мен

көнбей қарсылық танытып қаша жөнелдім. Ол мені

ұстамақ болып көйлегімнің етегінен шап берген еді,

көйлегім жыртылып қалды», – дейді.

Осы кезде Зылиханың немере ағасы: «Ендеше

кімнің ақ, кімнің қара екенін анықтап көрелік. Егер

Жүсіптің көйлегі алдынан жыртылса, Зылиханың

айтқаны жөн деген сөз. Ал егер көйлек артынан

жыртылған болса, онда Зылиха өтірік айтып, бұл жігіт-

ке жала жауып тұрғаны», – дейді. Одан кейін көйлектің

артынан жыртылғаны айқындалғанда Жүсіптікі дұрыс,

Зылиханың сөзі жалған екендігі анықталды. Зылиханың

немереағасыоғанқарап:«Ниетіңнеткенжаманеді сенің!

Онымен қоймай кінәсіз біреуді жазаламақ болдың

232

.

«Әйелдің қулығы қырық есекке жүк» деген осы екен

ғой деп кінәсін бетіне басты. Сосын Жүсіпке қарап:

«Жүсіп! Сен бұл оқиғаны елге айтпай-ақ қой. Онсыз

232

«Жүсіп» сүресі, 28