Previous Page  160 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 160 / 352 Next Page
Page Background

160

Пайғамбарлар тарихы

жерге қарататын боласың. Алайда олар мұның бәрінен

бейхабар»

227

, – дейді.

Бала Жүсіпті ағалары құдыққа тастаған соң, бір

қозыны сойып, көйлегін оның қанына малып, үйге

жақындай бере өкіріп жылайды. Олардың былай-

ша жылап келе жатқанын көрген Жақып пайғамбар

(а.с.) бір жамандықтың болғанын сезеді. Оның үстіне

араларынан Жүсіпті көре алмай, түрлі ойға кеткен

еді. Сосын: «Мұнша жылайтындай бастарыңа не күн

туды? Жүсіп қайда?» – деп сұрайды. Олар: «Әкешім-

ау! Тіпті не дерімізді де білмей тұрмыз. Сіз «қасқыр»

деген сөзді тегін айтпаған екенсіз. Шамасы, бір жаман

нәрсенің боларын алдын-ала сезгенсіз ғой. Алайда біз

соны түсіне алмап едік. Біз тауға барып сейіл құрдық,

соңында, «кім жақсы жүгіреді?» деп бір-бірімізбен

жарыса жөнелдік. Жүсіпті «сен әлі баласың ғой» деп,

керек -жарағымыздың қасына қалдырып кеткенбіз. Жа-

рысамыз деп жүріп, ойынның қызығына батып, ұзап

кетіппіз. Кейіннен ес жиып орнымызға келсек Жүсіпті

қасқыр жеп қойыпты. Оның көйлегі ғана қалған екен.

Міне, мынау соның қанға боялған көйлегі»

228

, – деп

көйлекті беріп жатып, әкелерін кезек-кезек құшақтап

жас балаша еңкілдеп жылайды

229

.

Жақып пайғамбар (а.с.) көйлекті қолына алып

қарап, ондағы қанның адам қаны еместігін анық сезді.

Содан соң балаларына қарап: «Жо-жоқ. Бұған кім

сенсін?! Сірә, шайтан түрткен екен. Амал нешік! Бұл

да болса Аллаһ тағаланың сынағы шығар. Сірә, ендігі

227

«Жүсіп», сүресі, 15

228

«Жүсіп», сүресі, 17

229

Афиф Абдулфаттах Таббара, Маал-әнбия фил-Қуран, 183-

бет