Previous Page  155 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 352 Next Page
Page Background

155

Әйюб пайғамбар (а.с.)

құл екендігін дәлелдеп, елге өнеге болды. Аллаһ

тағала оған нығметін бұрынғыдан да мол ғып үйіп-

төкті. Құранда:

«Бізден рақым әрі ақыл иелеріне үгіт

ретінде оған отбасын, айналасын бір есе артығымен

бердік»

216

,

дейді. Көп ұзамай оның өрісі малға, қорасы

қойға толды. Қисапсыз қазына мен есепсіз дүниесін

көргендердің есі кете бастады. Шаңырағындағы улап-

шулап ойнаған балалар олардың көңілін сергітіп, бар

дертін ұмыттырды.

Деректерде оған елінен жеті адамның иман кел-

тіргені, өзі жүз қырық яки тоқсан үш жасында қайтыс

болғаны туралы айтылады. Ол туралы Құранда:

«Ра-

сында, оны сабырлы көрдік. Ол қандай жақсы құл!

Өйткені ол өте мойынсұнғыш»

217

,

– дейді.

Бұл өмірде адамның дүниелік үш байлығы бар.

Ол – байлық, нәсіл, денсаулық. Һәм бұл үшеуі пенде-

ге берілген негізгі сынақтар. Көбінесе бұл фәниде осы

үш сынақтан көптеген жұмыр басты пенделер сүрініп

кетіп жатады. Мысалы, біреуге байлық беріледі де, көп

ұзамай бір сәтте жоғалтып тақыр кедей болып шығады.

Ол сонда кейде осы сынақты көтере алмай, Хақ

тағалаға қарсы шығады яки өзіне қол жұмсап шыбын

жаны мәңгілік азапта шырқырайды. Ендеше Әйюб

пайғамбардың сабырлығы осындай жандарға өнеге.

Әйюб пайғамбар (а.с.) да өзіне берілген міндет-

ті толық орындады. Кейінгі ұрпақтарға сабырлықтың

өшпес өнегесін қалдырды. Көктен түскен уахи тоқтап,

уазипасы біткен шақта, өмірден озып, Раббысына

қайтты.

216

«Сад» сүресі, 43

217

«Сад» сүресі, 44