Previous Page  154 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 352 Next Page
Page Background

154

Пайғамбарлар тарихы

саған шомылатын әрі ішетін суық су»

214

, –

дейді. Хақ

пайғамбар осы бұйрықты алғаннан кейін, дереу жерді

теуіп қалып еді, жер астынан мөп-мөлдір су бұрқылдап

шыға бастады. Ол сол суға шомылып, қанғанша ішіп

мейірін қандырды. Сонда Хақ тағала шипасын беріп,

қанша жылдық науқасынан бірден айығып бұрынғы

қалпына келді. Қаншама жылдан бері тартқан азабы

көрген түстей өте шықты. Әйюб пайғамбардың осы

суға түсіп емделуі кейінгі ұрпаққа дәстүр болып қалды.

Халықтың қазіргі жылы су, шипалы су деген сықылды

суларға емделуі осы Әйюб пайғамбардан басталған ба

дерсіз.

Науқастан айыққанХақ пайғамбар есінжиып, көңілі

көншіген соң, ауырып орнынан тұра алмай жатқан

кезіндегі әйеліне жүз дүре соғу антын есіне алды. Бірақ

оған соншама жыл қасынан бір елі айырылмаған сүйген

жан жарына дүре соғу оңайға соқпады. Мұншама жыл

опа көрсетіп, жанына серік болған әйеліне қайтарған

жақсылығы осы ма еді?! Егер ұрмаса берген уағдасынан

қайтіп танбақ? Сол сәтте Аллаһ тағала пайғамбарына

рақым етіп уахи жіберіп:

«Қолыңа бір топ шөптің

сабағын алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!»

215

,

дейді. Хақ тағаланың осы әміріне Әйюб пайғамбар

қатты қуанды. Дереу қолына бір топ шөптің сабағын

алып сонымен әйелін бір рет ұрды. Сөйтіп, ол жүз дүре

соғамын деген сертін орындады.

Сынақтан өтуі

Әйюб пайғамбар осылайша сынақтан мүдірмей

өтіп, өзінің Раббысының құзырында сабырлы, тақуа

214

«Сад» сүресі, 42

215

«Сад» сүресі, 42