Previous Page  149 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 352 Next Page
Page Background

149

Лұт пайғамбар (а.с.)

ешбір пайда бермейді. Осы сәттен соң олар саған

әсте жапа шектіре алмайды. Жібер, қанеки бәрі ішке

кірсін»

208

, – дейді.

Осыдан кейін Хақ пайғамбар есікті айқара ашқан

еді, сыртта ентелеп тұрған еркектер ішке лап етіп

ағылды. Бірақ олар не болғанын түсіне алмай, сең

соққан кемедей теңселіп кетті. Көздері қарауытып

артынан түк көрмей қалды

209

. Бейне бір аналарынан

соқыр болып туғандай күй кешті. Бәрі бірден айқайлап

бір-бірін басып-жаншып кимелеп шыңғыра бастады.

Бұлар жай қонақ емес, сиқыршы, дуалаушылар екен

деп, қонақтарды кінәлай бастады. Хазірет Лұт оларды

итерген бойы, далаға шығарып тастады.

Періштелер хазірет Лұтқа: «Кештің бір мезгілінде

отбасыңды алып тездетіп жөнел. Өзің олардың артынан

жүріп отыр. Ешқайсысың артыңа қараушы болмаңдар.

Діттеген межеге жетіңдер. Таңға жуық олардың шару-

асы бітеді», – дейді. Хақ пайғамбар дереу өзіне сенген

үмбетін ертіп түн жастанып жолға шықты. Жары

Уахила олармен емес, азғын халықпен бірге болғысы

келіп жұртта қалып қойды. Хазірет Лұт отбасын ертіп

қаладан шыққан кезде, майда тастарды үйіріп алып,

бұршақша жаудыратын жел шықты. Бұл азаптың

алғашқы белгілері болатын.

Садум халқының жермен-жексен болуы

Хазірет Лұт үмбетін алып қаладан шалғай кеткен-

де, таң рауандап атқан еді. Соққан желдің арты дауылға

айналып, қала үстіне тас нөсердей құя бастады. Осы

кезде ғайыптан: «Сендер Лұттың хабар берген азабы

208

«Һұд» сүресі, 81

209

«Қамар» сүресі, 37