146
Пайғамбарлар тарихы
Олар осыған ғана тоқтамай, оған: «Ей, Лұт! Егер сөзің
тура болса, Құдайдың азабын біздің басымызға төндір,
қанеки, көрелік мықтылығыңды. Біз сенің бір сөзіңе
де сенбейміз. Қане, қайда әлгі уағда еткен азабың?
Шамаң келсе тезірек алып кел!»
201
– деп зеки сөйлеп,
миықтарынан күліп, келемеждеді.
Хақ пайғамбар осы сөздерінен олардың әсте иман
келтірмейтіндіктерін ұқты. Өйткені мына сөздері
арқылы жан-дүниесі қарау тартып, жүректерінде
иман ұялайтын жер қалмағандығын білді. Олардың
жүректеріне мөр басылған еді. Кімге мөр басылса,
ол әсте мұсылман бола алмайды. Хазірет Лұт оларға:
«Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін»
,
– деді де, Хақ тағалаға қол жайып:
«Раббым мені және
отбасымдыбұлардыңсұмдықтарынанқұтқара гөр!»
202
– деп дұға етті.
Азап періштелерінің келуі
Жаратушы Жаппар Ие хазірет Лұттың дұғасын
қабыл етті. Садум елінің астаң-кестеңін шығарып, жер
бетінен жойып жіберу үшін, үш періште жіберді. Үш
періште Хақ пайғамбарға түс әлетінде келді. Бұл кезде
Пайғамбар бақшада жүрген болатын. Үш жолаушының
өзіне қарай келе жатқанын байқап «Үшеуің де бейтаныс
адамдар екенсіңдер, менде не бұйымтайларың бар еді?»
– дейді. Олар оған құдайы қонақ екендігін айтады.
Періштелер жүздерінен нұр тамған көрікті жас жігіт
бейнесінде келген болатын. Лұт (а.с.) олардың осы бей-
несін көрген сәтте-ақ, іштей қатты абыржып, уайымдай
бастады. Үйіме келгенше, ешкім байқап қалмады ма
201
«Анкабут» сүресі, 29
202
«Шұғара» сүресі, 168-169