142
Пайғамбарлар тарихы
Періштелер хабар берген соң, көп ұзамай Сара
жүкті болды. Айы, күні жеткенде, шекесі торсықтай ұл
тапты. Ол Ысқақ (а.с.) еді.
Қағбаның тұрғызылуы
Арада біраз уақыт өткен соң Ибраһим (а.с.) Мек-
кеге тағы келді. Ол баласының маңдайынан сүйген
соң: «Исмайыл! Аллаһ маған бір ұлы істі әмір етті»
дейді. Исмайыл болса: «Әкешім! Аллаһ әмір етсе дереу
орындаңыз. Мен де сізге көмектесейін», – дейді. Ол
сонда: «Аллаһ бізге Қағбаның қабырғасын қалауды
әмір етті», – деп жауап береді.
Олар шұғыл іске кірісіп құрылысты бастап та кетті.
Хазірет Исмайыл тас тасып, Ибраһим пайғамбар оны
қалап жатты. Бір кезде Қағбаның қабырғасы биіктеп,
Ибраһим пайғамбардың бойынан асқанда, ол баласына
бір тас әкелуді бұйырды. Баласы Исмайыл таудан бір
тас әкеліп, әкесінің табанының астына қояды. Кейбір
деректерде бұл тасты Жәбірейіл періште жаннаттан
алып келгені туралы айтылады. Бұл тастың түсі қара
болғандықтан, «Қара тас» деп аталды.
Әкелі - балалы екеуі Қағбаны салып біткен кезде,
Ибраһим қолын жайып:
«Бізден қабыл ет, күдіксіз,
Сен тілекті, тым естуші, толық білушісің. Раббымыз,
екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымызды
да өзіңе бойсұнушы үмбет ете гөр, әрі бізге қажылық
амалдарымызды көрсетіп, тәубәларымызды қабыл
ет, әрине, Сен өзің тәубаны қабыл етуші, ерекше
мейірімдісің. Раббымыз, ұрпағымыздың ішінен, оларға
аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп,
оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз,