143
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың»
196
,
– деп жал-
барынады. Баласы Исмайыл да қасында қол жайып
«әмин» деп қайталап тұрады.
Иә, Халилуллаһтың (а.с.) осы дұғасы қабыл
болып, Хақ тағала ақыр заман пайғамбары етіп хазірет
Мұхаммед пайғамбарды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жібереді.
Қағба толық біткен кезде, Хақ тағала оларға
Қағбаға тауап ететін қажылықтың парыз болғандығын
жария етуіне әмір берді. Хазірет Ибраһим Қағбаның
үстіне шығып күллі, мұсылмандарды қажылыққа
шақырды. Естіген халық топ-тобымен келіп Ибраһим
пайғамбардан қажылық парыздарын үйреніп, онымен
бірге қажылық жасады. Хазірет Ысқақ та ит арқасы
қияннан келіп, ағасы Исмайылмен бірге міндетін өтеді.
Содан күні бүгінге шейін мұсылмандар сол бір қасиетті
жерге зиярат етіп, қажылық жасап келеді.
Хазірет Ибраһим ақырғы қажылығын әйелі Сара-
мен бірге жасады. Одан кейін Шамға оралды. Әйелі
Сара жүз жиырма жасында бұл дүниемен қош айтыс-
ты. Оның артынша хазірет Ибраһим де өзіне жүктелген
міндетті толық атқарып барып көз жұмды. Хазірет
Ибраһим Құдысқа жақын Халилур-рахман деген жерде
жерленеді.
196
«Бақара» сүресі, 127-129.