Previous Page  141 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 352 Next Page
Page Background

141

Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)

шақырып алып асты-үстіне түсіп күтетін Ибраһим

пайғамбар мына келген бөгде қонақтарға да ерекше

ілтипат жасап, иіліп жастық, жазылып төсек болды.

Үйдегі жылы-жұмсағының барлығын солардың аузына

тосып, құрақ ұшты. Төрге шығарып күтті. Құранда

былай делінген:

«Дереу үйіне барып бір семіз тайын-

ша алып келді. Оларға тамақты жақындатып қойып:

«Жемейсіңдер ме?» – деді. Олардан тіксініп қорықты.

Олар: «Қорықпа!» – деді де, болашақта білімпаз бола-

тын бір ұлмен қуантты. Сонда үйінің арғы тұсынан

Ибраһимның жұбайы бетін шымшып: «Әбден кемпір

болғанда, бала көтеремін бе?» – деді. Олар: «Осы-

лайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол аса дана, толық

білуші», – десті»

195

.

Ибраһим (а.с.) оларға қарап: «Уа, Аллаһтың ел-

шілері! Сендер тек қана ұлмен сүйіншілеуге келме-

ген боларсыңдар. Басқа да маңызды міндеттерің бар

шығар?» – деп сұрайды. Олар: «Біз діннен безген,

адам баласының жаратылысына теріс, адам айтқысыз

зұлымдықтарға барған бір күнәһар елді жер беті-

нен жоқ қылу үшін жіберілдік. Біз оларға балшықтан

жасалған тастар жаудырамыз. Бұл тастар нәпсіге құл

болған азғын ел үшін арнайы әзірленген», – дейді.

Осы кезде Ибраһим (а.с.) қатты қорқып: «Ол жерде

Лұт та бар ғой», – деп сұрағанда, олар: «Біз, әрине,

ол жерде кімдердің бар екенін жақсы білеміз. Сөзсіз,

Лұт та, оның отбасы да бұл азаптан құтылады. Бірақ

оның әйелі құтыла алмайды. Өйткені ол елінің жасаған

қылмыстарына ортақтасқан», – деп жауап береді.

195

«Зәрият» сүресі, 25-30