133
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
қатып қалды. Жаны көзіне көрінді. Ол ұятты мүлде
ұмытып Сарадан өзі үшін Хақ тағалаға тағы бір мәрте
дұға етуін талап етті. Бұдан кейін маңына да жоламауға
уәде берді. Хазірет Сараның дұға еткені сол еді, оның
қолы икемге келді. Ол дереу күзетшісін шақырып:
«Сендер маған адам емес шайтан алып келіпсіңдер.
Мынаны дереу босатыңдар!» – деп әмір етті. Оны құр
қол жібермей, Ажар деген бір күңді тарту етті. Осы
шақта хазірет Ибраһим (а.с.) намаз үстінде еді. Әйеліне
бір жамандықтың келмеуі үшін Аллаһтан дұға тілеп
тұрды. Ол әйелін көрген кезде, орнынан қозғалмастан
«Бұл кім?» дегендей, қолымен ишарат етті. Әйелі:
«Аллаһ кәпірдің құрған тұзағына өзін түсіріп, Ажарды
маған қызметші етіп берді», – деп шүкіршілік айтты.
Хақ пайғамбар көп ұзамай әйелі Сара және күңі
Ажармен бірге Мысырдан Палестинаға көшіп, сол
жерге қоныс тепті. Хазірет Сара жасы жетпістен асса
да, бала көтермеген еді. Ол бұдан кейін де перзент сүйе
алмайтынын түсініп, бірақ ерінің ұрпағы болуын ар-
мандады. Сол себепті еріне күңіне үйленуді ұсынды.
«Мүмкін содан ұлды болып, сол ұл мына қартайған
шағыңда көмекшің болар», – деді. Хазірет пайғамбар
оның сөзін жөн көріп, күңі Ажарға үйленді. Хазірет
Ажар да жай ғана күң емес, Мысыр елінің патшасының
әйелі болатын. Бірақ перғауынның әскерлері бір түнде
шабуыл жасап әлгі патшаны өлтіріп, әйелі Ажарды күң
етіп алған-тұғын.
Хазірет Ажардан көп ұзамай Исмайыл дүниеге
келді. Осылайша хазірет Ибраһимнің жасы сексеннің
алтауынан асқанда, ұлды болды. Хақ пайғамбар
қуанышы қойнына сыймай Аллаһ тағалаға шүкір етті.
Хазірет Сара да оның қуанышын бөлісті. Бірақ оның