126
Пайғамбарлар тарихы
көрді. Пұттары қираған халық оған бір жағынан
ашулы көзбен тесіліп қараса, екінші жағынан іштей
«қайда барады дейсің, көп ұзамай мына пұттардың
қарғысы тиеді» деп өз-өздерін жұбатты. Тіпті кейбіре-
уі: «Ойпырм-ай! Мына пұттардың киесі бізді де ұрып
жүрмесін», – деп абыржып, қорқып та тұрды. Олар
Пайғамбарға қарап: – Тәңірлерімізді сен қираттың ба?
– деп сұрады. Хазірет Ибраһим:
– Кім білсін? Мүмкін әне бір үлкенірегі істеген
шығар. Егер сөйлей алатын болса пұттардың өздерінен
сұраңдар? – деді.
Олар осы кезде бір сәт жетелі сөзге жүгінгендей
болды. Ибраһимді мойындап іштей: «Иә, біз ең үлкен
әділетсіздікке барып өзімізге өзіміз қастық жасадық»
деп ойлады. Бірақ өздерін күпірлікке итермелеген азғын
күш оларды қайтадан бұрынғы адасқан жолдың жие-
гіне жетеледі. «Баяғы жартас бір жартас» баяғы әніне
басты. Ибраһим пайғамбарға:
–
Бұлардың сөйлей алмайтындықтарын сен
де жақсы білесің ғой? Сөйте тұра неге бізге бұлай
сұрақ қойып тұрсың? – дейді. Осы кезде Ибраһим
пайғамбар:
Сөздерің өте дұрыс. Ендеше, сендер Аллаһтағалаға
бет бұрмай, зәредей пайдасы да, зияны жоқ нәрселерге
несіне табынып жүрсіңдер?
186
–
деді.
Ашулы халық дереу оны тұтқындап, Нәмрұдқа
хабар салды. Нәмрұд пұттарға табынбайтын, жаңа бір
сенім, жаңа бір дін әкелген бұл жас жігітті көргісі келді.
Алдына келген Ибраһим пайғамбарға қарап:
186
«Әнбия» сүресі, 65-66