Previous Page  122 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 352 Next Page
Page Background

122

Пайғамбарлар тарихы

елге ақиқатты жеткізу ғана»

181

дейді. Елі оған жауап

қайтарып:

– Ей, Ибраһим! Сен қашанға дейін осылай елде

жоқ жаңалықты шығарып біздің басымызды айналды-

ра бересің. Әлде де біз саған жанымыз ашып, түзелуге

шақырып отырмыз. Отпен ойнама! Отпен ойнасаң,

қолың күйеді, пұтпен ойнасаң, тәтті ғұмырың күйеді.

«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген. Өз басыңа

өзің пәле тілеме. Бір күні мына тәңірлеріміздің киесі

ұрып, қаһарына ұшырайтын болсаң, ешқайсысымыз

сені құтқара алмаймыз, – деп ескету жасап қорқытқан

болды. Хақ пайғамбар:

– «Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды» деген-

дей, мына пұттардың қолынан бір нәрсе келеді деп

ойлайсыңдар ма? Маған бір пәле келетін болса, Раб-

бымнан ғана келеді. Өйткені маған пәле, науқас жі-

беріп, одан соң айықтыратын сол Раббым ғана. Сендер

ап-айқын ақиқатты көре тұрып, одан көпе-көрнеу

теріс айналудан қорықпағанда сасық қиялдарың ойлап

тапқан мына пұттарыңнан мен қорқуым керек пе?

182

деп

уәж айтады.

Осыдан соң халық жаңа бір әдіске көшіп, хазірет

Ибраһимді келемеждей бастады. Олар:

– Уа, Ибраһим! Сенің әкелген ақиқатың хақ па,

әлде бізді ойыншық қылып келемеждеп жүрсің бе?

Мұндай батылдық сенің бойыңда қашаннан бері пайда

болған? Соншама кіміңе сеніп жүрсің! деп қытығына

тиеді. Хақ пайғамбар:

– Жо-жоқ. Бұл ойларың дұрыс емес. Мен сен-

дермен ойын ойнауға келген жоқпын. Өйткені иман

181

«Анкабут» сүресі, 16-18

182

«Әнғам» сүресі, 80-81