Previous Page  124 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 352 Next Page
Page Background

124

Пайғамбарлар тарихы

тайлы-таяғымен мерекені тойлауға кеткендіктен,

Ибраһим пайғамбар пұтханаға еркін кіреді. Әдетте,

қауымы мерекеден қайтқан соң пұттардың құрметіне

әзірлеген осынау жылы-жұмсақты өздері тауысатын.

Хақ пайғамбар жансыз пұттарға астан ұсынып: «Ал,

қанеки дәм алыңдар», – деді. Аздан соң «Сендерге

не болған өзі, мүлдем тілден қалғансыңдар ма? Қане,

бірдеңе десеңдерші?!» деп оларға шүйлікті. Бірақ бәрі

де үнсіз. Пұтхананың іші толған тастан, ағаштан немесе

балшықтан жасалған жансыз мүсіндер. Кәдімгі шебер

ұсталардың қолтаңбалары. Әу баста қалай қойылса,

қазір де міз бақпаған күйде мелшиіп тұр. Пенденің өзі

жасаған жансыз мүсіндері неліктен өзіне үстемдік етіп,

тәңір болуы керек? Бұл мүсіндер ұсталардың қолынан

шыққан бұйым емес пе? Ендеше неліктен адамдар өз

жасағандарына табынуы тиіс? Бәріне көз жүгірткен Хақ

пайғамбар уақыт оздырмай екі білегін сыбанып, қолына

балтасын алып, өзі тұрған жердегі пұттан бастап қирата

бастады. Көп ұзамай ең үлкенінен өзге пұттар түгел

қирап, Хақ пайғамбардың табанының астында жатты.

Пұтхананың төрінде қирамаған ең үлкен пұт «қаңқ»

етер түкті байқамастың кейпін киіп мелшиіп тұр.

Хазірет пайғамбар қолындағы балтасын оның мойнына

ілді

185

, жолындағы қираған пұттардың сынықтарын ба-

сып-жаншып пұтханадан шығып кетті.

Ымырт үйіріле құмарынан шыққанша сайрандаған

жұрт шат-шадыман кейіпте үйлеріне қайтып оралды.

Осыкездеміндетінатқаруғаоралғанпұтханақызметшісі

табалдырықтан аттай бере әлдебіреу бір шелек мұздай

185

Сағлаби, Әбу Исхақ Ахмад ибн Мұхаммед ибн Ибраһим ән-

Нисабури. Қысасул Әнбия. Бейрут. 66-бет