115
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
дұғамды қабыл алып, күндердің күні иманға келерсіз»
175
деп одан үміт үзбейтіндігін білдіреді.
Хақ пайғамбардың (а.с.) адам жүрегін тебірентетін
бұл сөзі, әсіресе, кешірім тілеймін деуі әкесіне деген
жанашырлығы мен иманға келсін деген көңіл қалауы
ғана болатын.
Ибраһим (а.с.) сөзінде тұрып, әкесі көз жұмғанша
иманға келер деп үміттеніп, дұға етумен жүрді. Бірақ
әкесі Азар өле-өлгенше пұт жасап, сол өзі жасаған
пұттарға табынып, солар үшін жанын құрбан етуге
қашан да әзір еді. Ол өлген кезде, Хақ тағала Ибраһим
пайғамбарға оның кәпір күйінде кеткенін айтады. Осы
сәттен соң Рақым пайғамбар әкесі үшін кешірім тілеу-
ді, дұға етуді тоқтатты. Бұл жайында «Тәубе» сүресінде
Аллаһтағала:
«Ибраһимныңәкесіүшінжарылқаутілеуі,
оған берген бір уағдадан аттап кете алмағандығынан
ғана еді. Оған өз әкесінің Аллаһтың дұшпаны екені бел-
гілі болған кезде, ол дереу одан безді. Расында, Ибраһим
қажырлы әрі жұмсақ мінезді еді»
176
,
– дейді.
Кейбір философтардың ойынша, адам – Аллаһ
тағаланың жер-сахнасындағы ойыншық қуыршақтары.
Жалыққан кезде қабірге лақтырып тастайды. Бұл осы
пікірге ұқсас. Алайда адамның қуыршақ болмауының
бірден-бір дәлелі оның ақылы мен еркінде жатыр. Адам
өз еркі арқылы жамандыққа да, жақсылыққа да бұрыла
алады. Тіпті кәпірлердің жаратушы Жаппар Иеге
қарсы шығып, тіл тигізіп, Оны жоққа шығаруының
өзі – пенденің қуыршақ емес, өз қалауынша әрекет ете
алатын кеудесінде жаны, басында миы бар ерікті жара-
тылыс екендігінің айқын дәлелі.
175
«Мәриям» сүресі, 47
176
«Тәубе» сүресі, 114