Previous Page  116 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 352 Next Page
Page Background

116

Пайғамбарлар тарихы

Міне, Ибраһим де (а.с.) иманға келсін деп, әкесіне

көп жыл дұға еткенімен, Азар өз ықтиярымен иманға

келуді қаламаған соң, Хақ тағала оған зәредей мей-

ірімін төкпеді.

Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Қиямет күні

Ибраһим әкесі Азармен кездеседі. Азардың жүзі қап-

қара, үсті-басышаң-тозаңнанкөрінбейтұрады.Ибраһим

(а.с.) әкесіне:

– Мен сізге дүниеде «маған қарсышықпаңыз, менің

жүрген жолыммен жүріңіз, сізге тура жолды көрсетейін

деген жоқ па едім?» – дейді. Азар баласының айтқанын

істемегеніне қатты өкініп:

Бүгін саған әсте қарсы шықпаймын, – деп жауап

береді. Осы кезде Ибраһим:

– Я, Раббым! Сен маған адамдар қайта тірілетін

күнге дейін сені қор етпеймін деп уағда етіп едің ғой.

Енді мына әкемнің халіне қара? Мен үшін бұдан артық

қорлық бар ма? – деп қолын жайып жалбарынады.

Аллаһ тағала:

– Ибраһим! Мен жаннатымды кәпірлерге харам

еттім. Әкең кәпір болып өлді. Сен оның кесірінен өзіңді

қор санама. Ибраһим! Анау екі аяғыңның астындағы не

нәрсе? – дейді.

Ибраһим аяғының астына үңіледі: қан-қан қорқау

қасқырды көреді. Хақ тағала Азарды күпірлігі үшін

осындай кейіпке айналдырып жібереді.

Ибраһим әкесінің мына жан түршігерлік халін

көріп, қатты күйзеледі. Азар сол сәтте тозаққа тастала-

ды».