111
Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)
әр үйге бір күзетші қойып, ұл бала туылса, өлтіріп
тастауға бұйрық берді.
Бұл маңда Азар есімді кісі өмір сүретін. Сол жылы
оның әйелі жүкті еді. Бірақ оның жүктілігін ешкім
байқамайтын. Патшаның бұл әрекетінен сескенген Азар
әйелін алып Басра мен Куфа арасындағы бір ауылға
жақын жердегі бір үңгірге жасырды. Көп ұзамай ұл
бала дүниеге келді. Ол Ибраһим пайғамбар еді. Кейбір
деректерде Ибраһим пайғамбардың мұхаррам айының
оныншы күні дүние келгендігі айтылады.
Арада айлар жылжып өтіп жатты. Нәмрұдтың
жүрегіндегі қорқынышы сейіліп, бірте-бірте бір кез-
дері сәуегейлерінің айтқан сөздерін де ұмыта бастады.
Сөйтіп, ол «бұл сәуегейлердің сандырағы» деп түсініп
бұрынғы жарлығының күшін жойды
169
.
Ибраһим (а.с.) бір жасқа дейін үңгірді мекен етті.
Бірақ сол кездің өзінде ол сырттай қарағанда бір
жастағы баладай емес, ересектерше мінез байқататын.
Азар бір күні замандастарына келіп: «Менің бір балам
бар. Оны осы күнге дейін жасырып өсіріп келемін.
Егер оны сыртқа шығарсам Нәмрұдтың зияны тимей
ме?» деп сұрап еді, олар: «Жоқ, Нәмрұдтың оны
ұмытқанына қай заман. Ол өзінің жеке басының шару-
асымен әлек», – дейді. Осыдан кейін Азар Ибраһимді
үңгірден үйіне ертіп әкеле жатқанда, қараңғы үңгірден
өзге еш нәрсе көрмеген ұлы жол бойы көзіне көрінген
жанды-жансыздың барлығының атын сұрап әкесінің
есін шығарды. Әкесі де оның сұрағына ерінбей жауап
беріп келе жатты. Бір кезде үйіне жақындай бере Азар
баласының мына бір сөзін естіп жағасын ұстады. Бұл
169
Сабуни, Нубууә. 210-215 беттер