Previous Page  109 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 352 Next Page
Page Background

109

Ибраһим (а.с.) және оның ұлдары Исмайыл мен Ысқақ (а.с.)

аләйһи уә сәлләм)

бір хадисінде:

«Сынақтың ең ауырына алды-

мен пайғамбарлар ұшырайды»

165

, –

дейді. Ал Ибраһим

(а.с.) ең үлкен пайғамбар және пайғамбарлардың атасы

болғандықтан, оған келген сынақты заңғар таулар

да көтере алмайтындай ауыр еді. Ол өз өмірінде

көптеген қиыншылықтарға душар болды. Бірақ

осының бәріне сабырлық сақтай білді. Осалдыққа

берілмеді. Өмірдегі ең үлкен сынағының бірі баласы

Исмайылды құрбандыққа шалу жөніндегі аян еді. Ол

осы сынақтан да сүрінбей өтіп, Раббысының құзырына

шынайы құлшылығы мен асқан мойынсұнғыштығын,

иманының беріктігін көрсетті. Сол себепті Құранда:

«Шындығында, Ибраһим шынайы жүрек, тұнған

тәухид сенімімен Аллаһ тағалаға бас иген жалғыз өзі

бір үмбет, халық еді. Ол ешқашан мүшріктердің бірі

болмады»

166

,

дейді.

Иә, Хақ тағаланың оған мұншалықты баға беруі

жайдан-жай емес. Ол – пайғамбарлардың әкесі,

тақуалардың имамы, иманның рәмізі, сыналғанда сабыр

еткен, жеңгенде шүкір еткен, Жаратқанға жақын құл

еді. Сондықтан Құранда:

«Аллаһ тағала Ибраһимді дос

тұтты»

167

,

деп оның ұлы Жаратушыға жақындығы

айтылады.

Бабыл халқы

Ибраһим пайғамбардың елі үш түрлі пұтқа та-

бынатын. Біріншісі сол елдің патшасы – Нәмрұд еді.

Ол өзін тәңір санаған қатігез адам болатын. Байлығы

мен малының қисабы жоқ-ты. Халық қуаңшылыққа

165

Тирмизи, Зуһд, 56; Ибн Мажә, Фитән, 23

166

«Нахл» сүресі, 120

167

«Ниса» сүресі, 125