Previous Page  99 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 352 Next Page
Page Background

99

Салих пайғамбар (а.с.)

сендер иманға келесіңдер ме?» – деп сұрады. Сол жер-

дегі дүйім жұрт бәрі бірауыздан шуылдасып: «Егер

осыны орындап мұғжиза көрсетсең, біз саған иман кел-

тіреміз. Содан кейін бізде ешқандай күмән да, күдік те

қалмайды», – деді. Салих пайғамбар мұғжиза болып

келген түйеге халық залал келтіріп жүрмес пе екен деген

уайым кешкен еді. Олар тағы да жамырап: «Жо-жоқ,

киелі түйені өлтіргені несі? Оған біздің дәтіміз қалай

шыдайды, қолымыз қалай барады. Оны өлтірмейміз,

қайта кие тұтамыз!» – деп ант-су ішті. Олардың бәрі

осылай шуылдасып тұрғанда, іштерінен: «Е-е жартас-

ты жарып шығатын қайдағы түйе? «Аңдамай сөйлеген

ауырмай өледі» деген, міне, осы!» – деп жымысқылана

күліп тұрды.

Киелі түйе

Салих (а.с.) өзіне сенген мұсылмандарды ертіп

тік жартастың жанына келді. Хақ пайғамбар қолын

жайып дұға ете бастады. Әр дұғасына артында тұрған

мұсылмандар «әмин» деп тұрды. Бір кезде жартас қақ

айырылды да, ішінен аузына көк шөп тістеген бір түйе

шыға келді. Шығысымен, толғақ қысып, бір бота туды.

Одан соң тіке құдықтың басына барып, ондағы судың

бәрін ішіп тауысты.

Осыны көрген Самудтың кәпір халқы не істерін

білмей қатты састы. Уәжге жығылып, уағдасын өтей

алмай, құты қашты. Мұсылмандар болса имандары

бұрынғыдан бетер арта түсіп, сәждеге жығылып, жапа-

тармағай Аллаһты ұлықтай бастады. Мұсылмандар

жағы ел арасында кедей, қауқарсыз, көп ішінде қораш

саналған жандар еді. Десе де олар Жаратқанның алдын-

да «Салих пайғамбардың сенімді серіктері» атанатыны