98
Пайғамбарлар тарихы
халық сол құдықтың басында үймелеумен әбігерге
түсті. Бұны көріп халықтан тәубаға келгендер Салих
пайғамбардың айтқандарын тыңдай бастады. Бірақ
бұл жағдай мүшрік билеушілерге ұнамады. Олар бір
күні келісіп, Пайғамбарды халық арасында мүдіртуге
ниеттенді. Ақиқаттың жаршысы – Салих бірде қалың
нөпір халықтың арасында тұрып дін уағыздап, оларды
ақиқатқа шақырып тұрған шақта әлгі мүшріктер келіп:
«Ей, Салих! Біз сені жақсы танимыз. Көз алдымызда
дүниеге келдің. Тәй-тәйбасқаның, ойынбаласыкездерің
де есте. Есейгенде елдің арқа сүйер азаматы болар
деген едік. Алайда сенің мына теріс қылығыңа жол
болсын?! Біз білетін Салих ата-бабаларымыз құрметтеп
өткен пұттарға тіл тигізіп, олардан бас тартуы мүмкін
емес. Шамасы, дуаланып қалған секілдісің. Өйткені не
айтып жүргеніңді өзің де білмейтіндейсің. Өзімізбен
қатар жүрген адам бізге қалай пайғамбар болмақ? Егер
айтқандарым ақиқат десең, мына таудағы әне бір тік
жартастан ішінде он айлық ботасы бар, буаз қызыл ін-
генді шығаршы қанекей. Соны көрейік те айтқаныңа
көніп, айдағаныңа жүрейік. Һәм ол аузына көк шөпті
шайнап шықсын. Бұл түйеге сырттай қарағанда өзге
түйелерден айырмашылығы болмасын. Құдықтан тұп-
тура бір күн су ішсін. Су ішкенде құдықты сарқып
ішсін. Сол күні бүкіл жұрттың түйелерінің сүтіндей сүт
берсін» дейді.
Салих (а.с.) олардың бұл ұсынысына ешқандай
абыржыған да, қысылған да жоқ. Өйткені ол қысылған
сәтте әрқашан өзіне Хақ тағаланың көмектесетініне,
қиыншылықтардан құтқаратынына күмәнсіз сенетін.
Қашан да Раббысына бек тәуәкел еткен жан еді. Салих
пайғамбар оларға: «Мен бұл тілектеріңді орындасам,