Previous Page  93 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 352 Next Page
Page Background

93

Салих пайғамбар (а.с.)

Адасқан Самуд елі

Һұдқа (а.с.) иман келтірген Ад елі өсіп-өніп, олар

тайпа, руға бөлініп шартарапқа жайылды. Солардың

бірі – Самуд елі еді. Кейбір деректерде Самуд Нұх

пайғамбардың Сам деген баласының ұрпағы болып

саналады. Самудтан тараған ұрпақ әуелі ру болып, өз

алдына Хижаз бен Шам арасындағы «Уәдил-қура» деп

аталатын аймақтың «Хижр» деген өңіріне орналасты.

Кейіннен осы ру бірте-бірте еңсесі биік елге айналды.

Бұл ел кейіннен өз ішінде тоғыз руға бөлінді.

Олардың басшылары өз араларында келісіп алқа

тобын құрды. Алайда өздерінің ғана жағдайын көбірек

күйттеген олар кейіннен ел арасында түрлі бүліктер

шығара бастады.

Адасқан ел көп ұзамай ағаштан, тастан жасалған

пұттарға табыну әдетіне қайта бастады. Бірте-бірте

Аллаһ тағалаға да, ақыретке де сенбей, дүниеде мәңгі

жасайтын адамдарша қарекет етіп, мына жалғанның

қызығына берілді. Жаз жайлауға әсем жаздық үйлер

жасап, өмірдің қызығына батса, қыста тауға көшіп

барып, тауларды үңгіп үй жасап, сол жерде қыстайтын

болды. «Хижр» сүресінде

«Олар таулардан берік үйлер

үңгіп алатын еді»

148

деп, Самуд халқының тұрмысынан

хабар берілген.

148

«Хижр» сүресі, 82