89
Һұд пайғамбар (а.с.)
кетіріп, ел ішіне үрей тудырдың. Ал ендеше, қане сенің
сол үрейге толы пәлекетің? Уағдаға берік екенің рас
болса, сол уағдаңды орындамайсың ба? Әкел азабыңды,
көрсет әуселеңді!»
141
дейді.
Һұд пайғамбар сонда:
«Азаптың қай уақытта ке-
летінін Аллаһ тағала ғана біледі. Бір елге азап жіберу
– Оның өз міндеті. Мен өзіме не жіберілсе соны ғана
сендерге жеткіземін. Бірақ мынадай нақты шындық
бар. Мен сендердің надандықтан арыла алмай,
қараңғылықта қалған халық екендеріңе анық көзім
жетіп тұр». «Ендеше көруге соншама ынтық болған
азаптарыңды күтіңдер. Сөзсіз, мен де сендермен бірге
күтемін»
142
, – деп жауап береді.
Ол сөзін аяқтамай жатып, Хақ тағаладан азаптың
қашан келетіндігі уахи етіліп, күллі мүшрік атаулы
құрдымға батып, иман келтіргендердің ғана аман-сау
қалатындығы білдірілді.
Осыдан соң Һұд (а.с.) өзіне иман келтірген үмбетіне
хабар салып, ертеңіне таң сәріде мүшріктерден іргесін
аулақ салу үшін оларды қасына жинай бастады. Бұл
қыс мезгілі болатын.
Сарсар
Ад елі таңертең тұрғанда, өз көздеріне өздері
сенбей, таң-тамаша күйде тұрып қалды. Көкжиекті
торлаған қою қара бұлт өздеріне қарай баяу жақындап
келе жатыр екен. Халық бұны жақсылыққа балады.
Тіпті бір-бірінен сүйінші сұрай жүгірді: «Мінеки, ұзақ
жылдар бойы тартқан нәубет, көрген қиыншылығымыз
осымен аяқталды. Әнеки, Һұд өзіне сенгендерді елден
141
«Ахқаф» сүресі, 22; «Ағраф» сүресі, 70
142
«Ахқаф» сүресі, 23; «Ағраф» сүресі, 71