90
Пайғамбарлар тарихы
жырақ әкетуге қамданып жатыр. Ол алыстай бере,
жұт та көзден ғайып бола бастады. Оған біз «Сені
тәңірлеріміздің киесі ұрды. Тіпті сенің кесірің бізге
де тиіп жатыр», – деп қанша қысым жасасақ та, «бір
Жаратқанға сеніңдер» деген сөзінен танбап еді», –
деп өзара мәз болып, ерін-еріндеріне жұқпай Һұдты
жамандай бастады
143
. Олар өтіп кеткен молшылық
заманын тамсана еске алып, сол бір бақытқа толы
күндері көкжиекті торлап келе жатқан мына қап-қара
бұлтпен бірге қайтып оралатындай, бөріктерін аспанға
ата қуанысты. Бірақ Һұд (а.с.) бұлардың қастарына
келіп:
«Жо-жоқ халқым! Бұл құйғытып келе жатқан
бұлт емес. Ол – сендердің көптен бері асыға күткен
азаптарың. Алдына келгенін жалмап, жанын қинап
азаптайтын сұрапыл дауыл»
144
, –
деді.
Бірақ олар Пайғамбардың сөзін елең құрлы көрмеді.
«Дауыл» дегенге мән берген жоқ. Оны өзіне сенген
үмбетімен бірге осы қаладан тезірек шығып кетуін
қалады.
Алайда олардың бақыты да, асыл мұраты да көп
жылдар бойы өз қастарында жүргенін сезбеді. Асы-
лында, Һұд пайғамбар олар үшін Хақ тағала нәсіп еткен
теңдесі жоқ нығмет болатын. Егер олар пайғамбардың
сөзіне бірауық құлақ асқанда, Хақ тағаланың рақымы
мен разылығына бөленіп, жаннатқа барар еді. Өкінішке
қарай, бұлай болмады. Өйткені олар күнәға белшеден
батқан, неше ғасыр өздерін жақсылыққа шақырған
адамға селт етпеген безбүйрек жандар еді.
Көп өткен жоқ. Ұзақтан қою қара бұлттай болып
көрінген дауыл қала шетіне де келіп жетті. Сонда ғана
қаланың кәпір халқы оның өздері күткендей емес-
143
«Һұд» сүресі, 52
144
«Ахқаф» сүресі, 24