Previous Page  87 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 352 Next Page
Page Background

87

Һұд пайғамбар (а.с.)

Һұд (а.с.) оларға бұл пәлекеттің ескерту үшін жі-

берілген залал екендігін айтып, халқын тәубаға келуге

үндеді. Ешбір жұмыр басты пенде құдіреті күшті

Құдай тағалаға қарсы шығуға қауқары жоқтығын осы

бір жұтты мысалға келтіру арқылы дәлелдеді. «Һұд»

сүресіндегі мына аят осы сөздіңшындығы:

«Уа, халқым!

Раббыларыңнан кешірім тілеп, жалбарыныңдар!

Оған бас иіп, тағзым етіп тәубаға келіңдер. Сонда

Хақ тағала сендерге көктен жауын жаудырып,

күш‑қуаттарыңды арттыра түседі. Күнәға батып,

Құдай тағаладан бет бұрмаңдар»

138

.

Бұл насихат да олардың ашу‑ызасын қоздырды.

Тіпті ел билеушілер өз бастарына келген нәубетті

Һұдтың кесірінен деп ұғып, оны өлтірмекке ниеттен-

ді. Ақырында, олар халықтың көзінше Һұдқа шамадан

тыс ауыр талаптар қоятын болды. Ол бұл талаптарды

орындаудан бас тартқанда, арандатушылар халыққа

қарап: «Бұл – Һұдтың суайттығына дәлел», – деп, оны

жәбірлейтін еді. Осылайша апаттан көз аша алмай

онсыз да әрең жүрген жұртты одан сайын адастырып,

пайғамбарға айдап салды. Олар:

«Ей, Һұд! Сен бізге

ашық дәлел келтірмедің. Ендеше, сенің мына құрғақ

сөздеріңе бола саған иман келтіріп, ата‑бабалары-

мыздан қалған пұттардан бас тарта алмаймыз»

139

, –

деді.

Осы кезде Һұд көптеген мұғжизалар көрсетіп,

өзінің Аллаһ тағаланың елшісі екендігін дәлелдеді.

Бірақ қалың жұрттың ішінен ешбірі «мынауың жалған»

демеді. Ел билеушілердің халық алдында беделі түсіп,

құрған жоспарларының быт-шыты шықты. Осыдан

138

«Һұд» сүресі, 52

139

«Һұд» сүресі, 53