84
Пайғамбарлар тарихы
қандастарымды түпсіз қараңғы шыңыраудан шығарам
деп, жанталаса қол созғаныма бола ақы талап етуім
қажет пе? Жүрегінде зәредей мейірімі бар адам суға
батып бара жатқан бауырына қол созғаны үшін ақы
сұрауы керек пе?
Ендеше, сендер де мен үшін сазға батып бара
жатқан адам сияқтысыңдар. Мен сендерді әрбір пенде
жан‑жүрегімен, ар‑ұжданымен, терең рухымен аңсаған
бақытқа шақырамын. Құдіреті шексіз Жаратушыдан
қашып, жаратылған һәм өздерің қолдан қашап яки илеп
жасаған жансыз пұттарға табынып, солардан медет
сұрайсыңдар. Алайда күн жауса, өзге түгіл өзіне пана
бола алмайтын соқыр, мылқау, тірі жанды танымас мел-
шиген мына пұттар қалай ғана сендерге пана болмақ?
Олай болса, бұларға табынуды қойып, бәрімізді жоқтан
жаратқан жалғыз Жаратушыға ғана табыныңдар!»
«Сендерге мал мен баланы, бау‑бақшалар мен
дәмі балдай бұлақтарды нәсіп еткен Хақ тағаладан
қорқыңдар. Мен сендерге (істеген бейбастықтарыңа)
қарап, ұлы күннің азабынан қорқамын»
137
, – дейді.
Бірақ қаумы Һұдтың (а.с.) сөздерін қаперге ілмеді.
Иә, Хақ тағала Ад елін тепсе темір үзетін мықты
етіп жаратқан болатын. Олар тұрған сақара шөлін көркі
көз тартарлық көкорай шалғын бәйшешекке толты-
рып, жайқалған жайылымға, жабағылы жас тайлағын
жардай атанға, жатып қалған бір тоқтысын жайдырып
мың қойға айналдырған жер еді. Алайда олар бұл шексіз
несібеге шүкір етудің орнына ынсапсыздық танытты.
Мейлінше азғындады. Ысырапшылдыққа салынды.
Әлсізге ат ойнатып, әлділерге ғана жағынды. Құдайды
мойындамады.
137
«Шұғара» сүресі, 133-135