Previous Page  81 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 352 Next Page
Page Background

81

Һұд пайғамбар (а.с.)

Ад елінің мекені және пұттары

Нұх пайғамбар жер бетінде жаңа тіршілік ор-

натып, елін шариғатпен басқарған шақта ақиқатты

мойындамағандар жоқ еді. Кешегі топан судың

апатынан жүрегі шайлыққан халық өзінен кейінгі

ұрпағына күпірлікке бармауды өсиет етті. Алайда Нұх

пайғамбардан соң да қаншама жылдар өтіп, жер жүзіне

жаңа ұрпақтар келді. Олар ата‑әжелерінен топан су

туралы дастанға бағзы заманнан қалған аңыз деп сен-

беді.

Жылдар жылжып, Нұх пайғамбардың үмбеті

көбейді. Осыған орай ұлттар мен тайпаларға бөліне бас-

тады. Солардың бірі Ад деген арғы аталарының есімі-

мен аталып кеткен Ад елі еді. Олар Йемен аймағындағы

Хадрамаут қаласының солтүстігін мекендеп, сол жерде

жаңа шаһар тұрғызды. Олардың тұрғылықты жері –

«Ахқаф» деп аталды. «Ахқаф» – құм төбелер деген

мағынаға саяды. Олар биік төбелерге ғимараттар салды.

Тіпті бертін келе әбден байыған олар бір‑бірлерімен

зәулім ғимараттар тұрғызумен жарыса бастады. Һәм

оларөзгехалықтарғақарағанда сүйекті, ірі денелі болды.

Жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай деген

теңеулер дәл соларға арналғандай батыр тұлғалы халық

еді. Ахқафтықтар келе-келе әлдерінен асқан шақта:

«Бізден күшті кім бар?»

134

, – деп, өзгелерге мұрнын

шүйіре қарайтынды шығарды. Бұған қоса аймақтағы ең

134

«Фуссилат» сүресі, 15