Previous Page  76 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 352 Next Page
Page Background

76

Пайғамбарлар тарихы

болса да, өз еркімен иман келтірмеген соң, Хақ тағала

оларға тура жолды көрсетпейді. Әрі хазірет Нұхтың

әйелі иман келтірмеумен қатар дін дұшпаны болған

еді. Құранда: «Аллаһ кәпірлерге Нұхтың әйелі мен

Лұттың әйелін мысалға келтірген. Олар жақсы екі

құлдарымызбен некелескен еді. Сөйте тұра екеуі де

оларға опасыздық жасады. Сондықтан екі пайғамбар да

ол екеуін Аллаһтың алдында қорғай алмады. «Екеуің

де тозаққа кірушілермен тағдырлас болыңдар» делінді»

деп айтылады

126

. Сол себепті кім болса да, ақырет күні

пейіліне қарай тиісті жағына барады

127

.

126

«Тахрим» сүресі, 10

127

Жоғарыда хазірет Нұх ұлының иманға келмей өлгенін көре

тұра, Аллаһ тағалаға не үшін жалбарынды?

Бірінші: Нұх пайғамбар өз әулетінің түгелдей құтқарылатыны

туралыАллаһтағаладануәдеалғанболатын.Алпайғамбардың

әулеті тек оған иман келтіргендерден ғана болмақ. Ендеше,

хазірет Нұх Кенанды сол кезге дейін мұсылман деп ойлап

келген. Бірақ баласы сырттай мұсылман болып көрінгенімен,

іштей кәпір болатын. Яғни мұнафық еді. Міне, ол осының

сырын білгісі келіп, Аллаһ тағалаға жалбарынды.

Екінші: ол «әулет» дегенде өзінің әулеті, ұрпағы түгелдей

құтқарылады деп ойлады.

Үшінші: шамасы, ол баласының көз алдында ажалмен

арпалысқанын көргенде, сол сәтте әкелік мейірімі оянып,

бірден Хақ тағалаға «баламды құтқара гөр!» деп жалбарынса

керек (Дұрысын Аллаһ біледі).

Бұл ескертуден кейін барып Нұх (а.с.) «әулетіңді құтқарамын»

деген илаһи уәденің түпкі астарын аңғарды. Сол замат:

«Раббым! Расында, білмегенімді Сенен тілеуден сақтай гөр!

Егер мені жарылқап, рақым етпесең, зиянға ұшырағандардың

бірі боламын» , – деп кешірім тіледі. Осылайша ол дер кезінде

өз қателігін түсініп, кешірім сұрап, Хақ тағаланың рақымына

бөленді.