Previous Page  78 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 352 Next Page
Page Background

78

Пайғамбарлар тарихы

Құранның сөзімен айтқанда «Жуди»

129

деген таудың

басына барып тоқтады. Сонда Аллаһ тағала Нұхқа:

«Ей,

Нұх! Кемеден түс. Саған және сенімен бірге болған

мұсылмандармен қатар (сендерден кейінгі) мұсылман

ұрпақтарыңа Бізден амандық, бейбітшілік және бере-

кет бар. Сондай-ақ, (ұрпақтарыңның арасында иман

келтірмейтін) топтар да болады. Оларға бұл дүниеде

129

«Һуд» сүресі, 44; Бұл таудың қай тау екені әлі күнге дейін

бізге беймәлім. «Жуди» сөзін кейбір адамдар «тау» дегенге

саяды десе? енді бірі ол араб тілінде «биіктік, асқақтық» деген

мәнді береді деп айтады. Зер сала қарасаңыз, жер бетінде

көптеген халықтар Нұхтың кемесін іздеу үстінде. Еуропа,

Азияның зерттеуші ғалымдары тауларды зерттеп, сол кеме

туралы жорамалдар жасап жатады. Тіпті көптеген елдің өз

«Жуди» тауы бар. Армяндар Арарат деген тауында тоқтаған

деген болжам айтады. Мысалы, қазақ халқының өзі Қазығұрт

тауын Нұх тауы деп «Қазығұрттың басында кеме қалған»

деп ата-бабасынан қалған сөзді айтады. Түркияның Ван

көлінің оңтүстігінде «Жуди» деген тау бар. Осыларға қарап

екі нәрсені түйіндемекпіз. Әуелгісі, жер беті халықтарының

басым көпшілігі өздерінің Нұх пен оның үмбетінен

тарайтындығын білетіндігі. Соңғысы, жер беті халқының сол

кемені іздеудегі, өз жеріндегі тұрған тауын «Нұх тауы» деп

атаудағы мақсаты – олардың ар-ожданы мен рухы солардың

«амандық, бейбітшілік, берекет» аясында өмір сүрген шағын

аңсайтындай болып көрінеді. Яғни, бәріміз бір кездері бір ел

болып бақытты өмір сүрген едік. Енді бүгін бір-бірімізбен

қырық пышақ болатындай басымызға не күн туды?! Кешегі

бірлігіміз қайда дейтіндей. Айтқандай-ақ, Нұхтың кемесі

«таухидтың», бірліктің рәмізі еді. Сол кемемен бірге жер

бетіне толықтай Аллаһ тағаланың таухид сенімі қонған еді.

Сондықтан әр ел өз тауының бірінің шыңын Нұх кемесінің

қонған жері деп бірлік символына айналдырса керек. Бәлкім,

атам қазақ та соны аңсап, «Қазығұрт яғни Қазақ жұрты

тауының басында кеме қалған» деп аңыз қалдырған болар

(Автор).