Previous Page  75 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 352 Next Page
Page Background

75

Нұх пайғамбар (а.с.)

ақыретте емес, осы өмірде береді. Мысалы, осы өмірде,

«ел ағасы», «дара тұлға», «данышпан» атанып ұзақ

ғұмыр кешеді. Жақсылығының бар қызығын мына

дүниеде ғана көріп, ақыретке бос қайтады.

Сондай-ақ, «бұрыс амалдың қатарына» тілі

кәлимаға келген, бірақ өмірде бұрыс жолда жүрген

мұсылман жандарды да жатқызуға болады деп ойлай-

мын. Яғни өзін «мұсылман» санайды. Бірақ жасаған

ісінің бәрі – кәпірдің ісі. Мысалы, адам өлтіру, зина

жасау, ішімдік ішу, сөзінде тұрмау, аманатқа қиянат

жасау, өтірік сөйлеу, т.б. Ел арасында дін туралы сөз

бола қалса, олар «менің атам молда болған, намаз

оқыған», т.с.с. әңгімені бастап, ауыздыға сөз, аяқтыға

жол бермеуі мүмкін. Мінекей, түсінген жанға аталмыш

аяттарда мынадай ғибрат бар: атаң молда тұрмақ әкең

әулие болса да, сен өзің қисық жолда жүрген болсаң,

оның саған келіп-кетер ешбір пайдасы жоқ. Тілің

кәлимаға еркін келгенмен, істеп жүргенің кәпірдің тір-

лігі болса, ақыретте тозақ отынан әлгі молда атаң мен

әулие әкең де құтқара алмайды. Әркім өз есебін өзі

береді. Біреудің киіп жүрген киімі саған жылу бермей-

ді. Біреудің шайнап бергені ас болмайды. Сондықтан

хазірет Мұхаммед пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

да

туыстарына, отбасына, қызына: «салиқалы амал жасау

арқылы өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар. Өйткені

мен сендерді ақыретте құтқара алмаймын», – деп қатаң

ескерту жасаған.

Нұх (а.с.) – үлкен бес пайғамбардың бірі. Бірақ

солай бола тұра, оның төртінші баласы мен әйелі кемеге

мінбей, теңізге кетіп, ажал құшты. Яғни пайғамбардың

баласы яки әйелі болса да, тура жол бір Аллаһ тағаладан

ғана болатын нәрсе. Һәм пайғамбардың қанша жақыны