Previous Page  70 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 352 Next Page
Page Background

70

Пайғамбарлар тарихы

Сондықтан да жалғыз Құдайға бас июден қашып, есесі-

не тастан жасалған пұттарға табынды.

Нұх (а.с.) кеме жасап жатқанда, қауымы: «Бұл

маңда теңіз тұрмақ өзен де жоқ қой. Мына кемеңді сен

қалай жүргізбексің. Әлде бір жерден су тасып теңіз

жасамақ ойың бар ма?» – деп мысқылдады. Өйткені

олар Хақ тағаланың құдіретінен бейхабар еді. Аллаһ

тағала қаласа, себепсіз де нәтиже береді.

Міне, бұл кәпірлер де Нұхқа (а.с.) күле қарап, дүние

өзгерместей көрді. Олар пайғамбарды келеке еткен-

де, Нұх (а.с.): «Сендер бүгін бізді мазақ етсеңдер, күн

ертең біз де сендерді мазақ етеміз. Көп ұзамай мәңгілік

азаптың кімге келетінін көретін боласыңдар», – деп

жауап қатты

117

.

Осылайша күндер күліп, айлар аунап өтіп жатты.

Кеме де дайын болды. Кейбір хабарларда кеменің екі

не төрт жыл құрастырылғаны айтылады. Кеме жай ғана

кеме емес, үйдей толқындарға төтеп бере алатын алып

кеме еді. Оның үш қабаттан тұрғандығы айтылады

118

.

Аллаһ тағалаНұх пайғамбарға кемежасалып біткен-

де, топан судың басталатындығын білдірді. Сондықтан

Нұх пайғамбар әуел бастан кемеге мінуге әзірлік жасап

қойған еді. Күні бұрыннан сол аймақтағы жан-жануар-

лардан бір жұптан жинады. Алдымен жан-жануарларды

арнайы әзірленген орындарға орналастыруға бұйрық

берді. Артынша көп уақытқа жететін азық-түліктерді

тиеттірді. Ақырында өзімен бірге мұсылмандар да

Аллаһтың атын айтып кемеге мінді. Құранда бұл жайлы

былай дейді

: «Ақыр әміріміз келген заманда, тандыр-

дан су қайнады. Нұхқа: «Ол кемеге әр нәрседен бір

117

«Һұд» сүресі, 38-39

118

Б.Атеш, Пейгамберлер тарихы. 149-бет