68
Пайғамбарлар тарихы
дар өзі адасқанымен қоймай, Саған құлшылық қылған
құлдарыңды да адастырып, ел ішінде бүлік шығарып,
тексіз ұрпақ өсіреді
111
.
Я, Раббым! Елім маған жалған айтасың деп қарсы
шығуда. Жүректері қарайып, ар-ождандарын қап-қара
ыс басып, әбден азғындады. Олардың бұдан кейін
иманға келуі әсте мүмкін емес. Аллаһым, жарлығыңды
шығарып, мені және үмбетімді мынадай «жүректеріне
мөр басылған» залым елден құтқар!
«Я, Раббым! Мені, әке-шешемді, иман келтіріп
шаңырағыма кірген кісілерді және мұсылман ерлер мен
мұсылман әйелдерді жарылқап кешірім ет! Залымдар-
ды тұтастай жермен-жексен қыл!»
112
Сол кезде Нұхқа:
«Ей, Нұх! Бұдан былай еліңнен
иман келтіргендерден өзге ешкім иманға келмейді.
Сен олардың жамандықтарына бола кеюші болма!»
113
деген уахи жетті. Нұх та (а.с.):
«Раббым! Рас, мені
елім өтірікке шығарды. Енді олармен менің арамдағы
қарым-қатынасқа қатысты нақты үкіміңді бер! Мені
де, менімен бірге мүміндерді де құтқар!»
114
– деп дұға
етеді.Нұхпайғамбардыңбұлдұғасықабылболады.Одан
кейін Аллаһ тағала оған:
«Көз алдымызда жарлығымыз
бойынша кеме жаса! Сосын жер мен көктің астаң-
кестеңі шыққанда, залымдарға аяушылық жасап,
Маған жалбарынушы болма! Өйткені барлығы түгел
жермен-жексен болып құрдымға кетеді»
115
дейді.
111
«Нұх» сүресі, 27
112
«Нұх» сүресі, 28
113
«Һұд» сүресі, 36
114
«Шұғара» сүресі, 117-118
115
«Һұд» сүресі, 37