63
Нұх пайғамбар (а.с.)
тілге тиек етіп, тағы да Хақтың бар екендігі мен
бірлігін дәлелдеуге тырысты. Оның ұлылығын паш
етті. Осы арқылы олардың табынған пұттарының түкке
тұрғысыздығына көңіл тоқтатқызып, пұтқа табынудың
санасыздық екенін аңғартпақ болды. Бұның артынша
айды нұр, күнді шырақ етіп жер бетіндегі адамзаттың
игілігіне бергендігін айтып, тағы да Хақ тағалаға
шүкіршілік қылуға шақырды.
«Аллаһ тағала сендерді жерден өсіп-өндірді.
Сосын сендерді сол жерге қайтарады да кейіннен қайта
шығарады». Хазірет Нұх осы сөздері арқылы адам
баласының топырақтан өсімдік тәрізді өсіп-өнгеніне
назар аудартып, ақыреттің болатындығын дәлелдейді.
Яғни Хақ тағала жылда көктемде жер бетін қайта
жаңғыртып, топырақтан сан мыңдаған өсімдік түрін
жаратуда. Күзде қайта топыраққа айналып, келесі
көктемде қайтадан жаралуда.
«Рұм»
сүресінде:
«Аллаһ
тағаланың
рақымдылығының белгілеріне қара. Жер жүзі өлгеннен
кейін, оны қалай жандандырып, тірілтті?! Дәл осы-
лайша сөзсіз өлілерді тірілтеді»
102
, – делінген.
Иә, адам баласы бұл дүниеге жай өмір сүріп, бала-
шағасын өсіріп, санасыз күй кешіп, одан кейін мүлдем
шіріп жоқ болу үшін келген жоқ. Хақ тағала осынау
жеті қат көкті тірексіз жаратып, ай мен күнді адамның
игілігіне бергендігіне қарағанда, әлбетте, адамның зор
бір міндеті бар деген сөз. Халық «Судың да сұрауы
бар» деген. Пенде еріккендіктен өмір сүріп, жер бетінің
дархан дастарқанынан қалағанынша ішіп-жеп, шашып-
төгіп одан кейін сұраусыз кете бермек пе?
102
«Рұм» сүресі, 50