Previous Page  61 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 352 Next Page
Page Background

61

Нұх пайғамбар (а.с.)

«Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге

аққан суды кім әкеледі» де»

99

,

– дейді.

Су – Ұлы Жаратушының жер бетіндегі

рақымдылығының бір белгісі. Тіршілік тікелей осы

суға қатысты. Су жоқ жерде тіршілік те болмайды.

Міне, Хақ тағала бір пендені жоқтан жаратып, саналы

адам етеді. Оны жер бетінде Өзінің қонағы етіп, алдына

жерді дастарқан етіп жайып, дүние-мүлік, бала-шаға

сыйлайды. Бау-бақшалар арқылы түрлі жемістерді

аузына тосып, тұнық өзен, көлдерді де нәсіп етеді.

Алайда пенденің осының бәрін көре тұра, Хақ тағаланы

мойындамауы нағыз санасыздық емес пе? Сансыз

нығмет берген Жаратушыға шүкіршілік ету адам

баласының борышы емес пе? Бір адамды біреу өлімнен

яки ауыр азаптан құтқарып қалса, әлгі адам сол кісіге

өмір-бақи борыштар болып өтпек. Алайда пендені

жоқтан бар етіп, сансыз нығмет беріп, ұзақ ғұмыр

сыйлаған Ұлы Жаратушы мадаққа бәрінен де лайық

емес пе?

Иә, хамд, мадақ және шүкіршілік-бәрі Жаратушыға

ғана лайық. Күллі дүние-мүліктің иесі Сол ғана.

Өйткені Ол – әлемдердің Раббысы Хақ тағала. Бізді

жаратқан – Сол. Һәм қазір де барлық іс-қимылымызды,

ғұмырымызды, заманды әр сәт сайын жаратып

жатқан да Сол. Ендеше адам баласы Хақ тағалаға ғана

жалбарынып, Содан ғана тілек тілеуі қажет.

«Аллаһ тағаланың ұлылығын ойламайтындай сен-

дерге не болды? Расында, Ол сендерді кезең-кезеңмен

жаратты»

100

.

99

«Мүлк» сүресі, 30

100

«Нұх» сүресі, 13-14