Previous Page  67 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 352 Next Page
Page Background

67

Нұх пайғамбар (а.с.)

Нұх пайғамбардың елі барша адами қасиеттерді аяққа

таптап, күллі жамандықты жасап үлгерген-ді. Олар өз

араларынан шыққан пайғамбарға қарсылық көрсетіп,

азап шақырып құтыра берді.

Нұх (а.с.) оларға тоғыз жүз елу жыл бойы қажымай-

талмай ақиқатты насихаттады. Бұл –шамамен мың

жыл деген сөз. Осыншама ғасыр ішінде сол елдің

күпірліктері одан сайын артпаса, еш бәсеңдемеді. Нұх

(а.с.) ақырында олардан біржола күдер үзген шақта

былай деп дұға жасады:

«Я, Раббым! Расында, мен елімді күндіз-түні дінге

шақырудан бір тынбадым. Бірақ олар иманға келудің

орнына діннен бойын алып қашты. Мен: «Хақ тағала

рақымшыл, тәубе етсеңдер кешіреді», – деген сайын,

тік шапшып тіпті естімеу үшін құлақтарын бітеді.

Қасарысқан үстіне қасарысып, тәкаппарланған үстіне

тәкаппарланды. Мен қатты да айтып, тәтті де айтып

көрдім. Болмаған соң ашық жар салып айттым. Тіпті

кейде жанына жақын барып екеуара оңашада да айттым.

Бірақ олар бәрібір міз бақпады.

Ей, Раббым! Мен мына қиянатшыл елден жеңілдім.

Енді уәде еткен көмегіңді көрсет

108

. Бұлар маған

ашықтан-ашық қарсы шықты

109

. Саған құлшылық жаса-

мауы аз болғандай өздерінің қолдан жасаған пұттарына

табынып әуре.

Я, Раббым! Сен де (осыншама жасаған істері-

не жаза ретінде) бұл залымдардың адасуларын ғана

арттыр

110

. Жер бетінде бірде-бір кәпірді тірі қалдырма.

Егер оларды тірі қалдыратын болсаң, сол бір залым-

108

«Қамар» сүресі, 10

109

«Нұх» сүресі, 21

110

«Нұх» сүресі, 24