69
Нұх пайғамбар (а.с.)
Нұх пайғамбардың кемесі
Нұх (а.с) пайғамбар дереу үмбетін жинап, қажетті
құрал-саймандарын сайлап, Жәбірейілдің нұсқауымен
кеме жасай бастады. Жоғарыда айтылғандай,
пайғамбарлар ақыретке қатысты нәрселерді үйретумен
қатар өркениеттің де дамуына үлес қосқан. Керек
десеңіз, өркениет пен мәдениеттің негізін пайғамбарлар
қалады деуге негіз бар. Осы себепті Нұх пайғамбар
да алғаш рет кеме жасап, адам баласының су бетін-
де жүзуіне із салып кетті. Өйткені бұл кеме тікелей
Хақ тағаланың Жәбірейіл періште арқылы жіберген
бұйрығы бойынша жасалды. Құранда айтылғандай
әрбір шегесіне дейін уахи арқылы қағылды. «Һұд»
сүресінде ишарат етілгендей, ғалымдар кеменің ішінде
арнайы пеш пен су қайнататын қазан болғандығын
айтады. Яғни «кемелердің атасы» атанған Нұх кемесі
бу арқылы жүзген деуге негіз бар секілді.
Нұх (а.с.) өзінің үмбетімен бірге кеме жасап
жатқанда, кәпірлер оны келеке-мазаққа айналдырды.
Олар: «Ей, Нұх, саған өзі не болған?! «Пайғамбармын»
деп бізді дінге шақырушы едің. Еш нәтиже болмаған
соң бәрін тастап ағаш ұстасы болғансың ба?
Пайғамбарлықтан гөрі ағаш жонуды тәуір көрдің-ау
деймін», – деп айыздары қана әбден күлісті
116
.
Иә, оларНұхты да, иман келтіргендерді де өздерінен
төмен санап, қор көрді. Өйткені, өздерін зиялы санап,
шын ақиқат жолдамыз деп ұғатын-ды. Сол себепті мың
жылға жуық үгіттесе де, Нұхтың дініне назар аудар-
мады. Шайтан мен нәпсі бұған мойын бұрғызбады.
116
А.Л.Казанжы, Пейгамберлер тарихы, 1-том, 102-бет; Сабуни.
ән-Нубууә. 196-бет