Previous Page  65 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 352 Next Page
Page Background

65

Нұх пайғамбар (а.с.)

бересің?Жетер енді. Сен осылай өмір бойы бізге дініңді

насихаттап жүре бермексің бе? Сен бізді қандай азап-

пен қорқытпақсың? Егер айтып жүрген азабың рас

болса, көзімізге көрсет! Сөзіңнің рас екенін дәлелде!»

106

– деп, халқы жан-жақтан тақымның астына алды.

Халқыныңмынаайтқансөздерінестігенде,Нұх (а.с.)

олардың Хақ тағалаға сенбеумен қатар, илаһи азаптан

да ықпайтындықтарына көз жеткізді. Өйткені олар Нұх

пайғамбардың айтқандарын бос сандырақ, ертегі деп

білетін. Сондықтан «ауыр азап» дегенді құлаққа ілмеді.

Ендеше, оның қорқытуы жай сөз ғана. Нұх пайғамбар

олардың осы түсініктерін аңғарған кезде, оларға: «Ей,

халқым! Сендердің бастарыңа ауыр азап жаудыратын

мен емеспін. Менің оған шамам жетпейтіні белгілі емес

пе? Егер қаласа, Өзіне қарсы шыққан елді жермен-жек-

сен етуге Раббымның құдіреті толық жетеді. Ал иман

келтірудің орнына Оған қарсы шығатын болсаңдар,

жер бетінен мүлде жойылып кетулерің мүмкін. Егер

ескерткен азабым келе қалса, қай жаққа қашып құтыла

аласыңдар? Жер мен көктердің Раббысынан қашып

қайда барасыңдар? Өрмелеп тауға шықсаңдар да, құс

болып көкке ұшсаңдар да, бәрібір құтылмайсыңдар.

Егер осыншалық қатігездіктерің үшін Аллаһ тағала

сендерді жазаламақ болса, мен сендерге жақсылық ой-

ласам да пайда бермейді, жер мен көкте оған еш нәрсе

тосқауыл бола алмайды»

107

, – дейді.

106

«Һұд» сүресі, 32

107

«Һұд» сүресі, 33-34