Previous Page  71 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 352 Next Page
Page Background

71

Нұх пайғамбар (а.с.)

жұп және опатқа ұшырайды деп үкім етілгеннен тыс

отбасыңды орналастыр. Әрі иман келтіргендерді де

ал», – дедік. Негізінде, онымен бірге иман келтіргендер

өте аз ғана еді. Нұх: «Кемеге отырыңдар. Оның жүруі

де, тұруы да Аллаһтың атымен. Расында, Раббым аса

кешірімшіл әрі рақымшыл», – деді»

119

.

Аятқа зер салсақ, мұсылмандардың өте аз болғанын

ұғамыз. Тіпті кейбір деректерде кемеге мінген

адамдардың саны бар-жоғы сексенге де толмағандығы

айтылады. Яғни, Нұх пайғамбар халқын мың жылға

жуық дінге шақырғанда, осыншама адам ғана иман кел-

тірген еді.

Пайғамбарлар мен қарапайым пенделердің

айырмашылығы

да

осында

жатыр.

Бұл

пайғамбарлардағы «раббанилық» («Раббани» –

Жаратушының бұйрығын қалтқысыз орындап, толық

бағыну деген сөз) қасиеттің көрсеткіші.

Пайғамбарлар Аллаһтан әсте үміт үзбейді. Мұндай

ұғым оларға мүлдем жат. Олар тек қана өздерінің

міндетін толық орындауын ойлайды. Елін мың жыл

дінге шақырғанда, ешкім ізінен ермесе де, бірде-бір

жанның иман келтірмейтінін сезсе де, бұдан салы суға

кетіп, үмітсіздікке салынбайды. Мерзімі біткенше,

күндіз-түні басын сәждеге қойып, көз жасын көлдетті.

Пайғамбарымыз бірде: «

Маған пайғамбарлардың

үмбеттері көрсетілді. Бір пайғамбар көрдім. Қасында

санаулы ғана адам бар еді. Бір пайғамбардың қасында

бір-екі адам ғана болды. Тіпті бір пайғамбардың

қасында ешбір адам жоқ еді...

»

120

– дейді. Міне,

119

«Һұд» сүресі, 40-41

120

Имам Нәуауи. Риязус-салихиин аудармасы. Стамбул. 1-том.

250-бет