Previous Page  66 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 352 Next Page
Page Background

66

Пайғамбарлар тарихы

Нұхтың (а.с.) дұғасы

Әр пайғамбар Хақ тағаладан жарлық шығып, өз мін-

деті аяқталғанға дейін міндетін толық атқаруы тиіс бо-

латын. Сол уақыт аралығында ел ішінде сабыр сақтап,

халқыныңбарлықауыртпалықтарыменқиындықтарына

төзуі тиіс-ті. Нұх пайғамбар да қанша ғасыр қорлық

көргеніне қарамастан, ісін қалтқысыз атқарып келді.

Қауымының күллі қиянаттарына төзіп бақты. Кейде

соққыға жығылып, өлімші сабалса да, қыңқ етпей, ертесі

күн қайтадан ықыласпен халқын дінге шақырды. Қабыл

етпеген жағдайда, ауыр азапқа душар болатындығын

ескертті. Қарапайым пенде қанша жерден данышпан,

елі үшін еңіреген ер болса да, ұзақ жылдар бойы

халықтың бақыты үшін солардың жан төзгісіз ауыр

қиыншылықтарына төзе алар ма? Ал ол ғасырларға

ұласса ше? Әрине, бұл мүмкін емес. Тек пайғамбарлар

ғана ғасырлар өтсе де, елінің екі дүниедегі бақыты үшін

төзімділік таныта алады. Егер «қияметке дейін ісіңді

жалғастыр» деп жарлық келіп, ұзақ ғұмыр берілсе, Нұх

(а.с.) ләм-мим деместен тәблиғын жалғастыра берер

еді. Мұндай ерекше төзімділік қасиет пайғамбарларда

ғана кездеседі. Бірақ бұл елдің ешқашан иман келтір-

мейтіндіктері белгілі болғандықтан, ол Аллаһ тағалаға

дұға етіп, жалбарынды. Һәм мұндай кәпір ел иман

келтірген аз ғана үмбетінің ұрпағына да зияны тигі-

зуі күмәнсіз еді. Ақыр соңында алапат азаптың келуі-

не сол елдің өзі себепкер болды. Өйткені Нұхқа (а.с.):

«Егер пайғамбар екенің рас болса, Аллаһ тағала шексіз

құдіретті десең, қане, дәлелдеші!» деп қырсыққан-ды.

Ел тура жолға келуді емес, алапат азапты тезірек көруге

құмартты. Халықтың осы іс-әрекеттері мен жаман

пейілдері азап шақырған тілекке айналды. Өйткені