72
Пайғамбарлар тарихы
пайғамбарлардың кейбіріне ешқандай адам еріп,
иман келтірмесе де, өз міндеттерін толық орындады.
Солардың бірі – Нұх пайғамбар еді. Ол тоғыз жүз елу
жыл
121
бойыелінақиқатдінгешақырып, нәтижедежетпіс
сегіз немесе сексен адам ғана иманға келді. Олардың
жартысы ер, қалғаны әйел адамдар еді.
122
Алайда Нұх
(а.с.) бұған жасып жабырқаған жоқ. Өйткені ол біреуді
адастырып, біреуді тура жолға салу Жаратушының ғана
еркінде екенін жақсы білетін.
Нұхтың (а.с.) баласының суға батуы
Нұх пайғамбар үмбетін ертіп аман-есен кемеге
мінген кезде, көп ұзамай жер бетін топан су баса бас-
тады. Жер асты сулары бұрқақтап атқылап жатқанда,
бұрын-соңды болмаған дауыл тұрып, аспан астын
қою қара бұлт торлап, найзағай ойнап, жауын құйып
кетті. Жауынның көп жауғаны сонша – ел шын мәнінде
асып-саса бастады. Бұл алапат сұмдық Қаһһар Иенің
мың жылдай иманға келмей қасарысқан елге жібер-
ген апаты болатын. Бұл пәлекеттен құтылудың бір-ақ
жолы – Нұхтың кемесіне міну еді. Алайда оған міну
– мұсылмандарға ғана нәсіп-ті. Көп ұзамай жер бетін
топан су қаптап, оның үйдей толқындары жартастарды
соққылапжатты. Бір кездеНұхтың көзіне сол толқындар
арасында алға ұмтылып, бір батып, бір шығып жанта-
ласа жүзіп бара жатқан бір жас жігіт оттай басылды.
Нұх пайғамбар оның өз баласы Кенан екенін бірден
таныды. Нұхтың (а.с.) бірнеше баласы бар еді. Бірақ осы
баласынан өзгелерінің бәрі де мұсылман күйде кемеге
121
«Әнкабут», 29/4
122
Ибн Кәсир. Тәфсир. ІІ/448; Әбус-Сууд, Иршадул Ақлис-сәлим
ила мәзаиәл-Қуранил-кәрим. Бейрут. VІІІ/33