73
Нұх пайғамбар (а.с.)
мінді. Тек Кенан ғана ғасырлар бойы қасарысып сөзін
тыңдамай қойғаны. Нұхтың (а.с.) отбасында Кенанмен
қатар өз әйелі де иман келтірмеген болатын. Тіпті ол
кәпірлерге жақтасып, Нұхты (а.с.) сөзден тұқыртып,
аяғынан талай мәрте шалуға тырысқан. Кенан, сірә,
анасының сөзінен шыға алмаса керек. Бір жағынан,
пайғамбарлық мейірімі, екінші жағынан әкелікшапқаты
түсіп, қатты жаны ашыған Нұх (а.с.) баласына:
«Ей,
балам! Бізбен бірге кемеге мін. Кәпірлерді таста!»
123
–
деп айқайлады. Кенан сол кезде ақырғы мәрте әкесіне
қарады. Бәлкім өлімнен қорқып мінгісі де келгеншығар.
Бірақ ол кемеге мінудің шарты – мұсылман болу еді.
Сондықтан да сан ғасырлар бойы кәпірлерге болысып,
әкесіне қарсы шыққан қыңырлығы мен тәкаппарлығы
жібермеді. Ол әкесіне: «Жоқ, мен ол кемеге мінбей-
мін. Мына тауға бір шығып алсам, топан су тобығыма
да жете алмайды» деп айғайлады. Алайда әкенің аты
қашан да әке ғой. Оның үстіне пайғамбарлық рақым да
бар. Ол соңғы рет оны дінге шақырып: «Бүгін ешкім де
Аллаһтың әмірінен аттап, өзін құтқара алмайды. Топан
судан Аллаһтың рақым еткендері ғана құтыла алады»,
– деді. Бірақ Кенан әкесінің бұл сөзін аяғына дейін ести
алмады. Таудай бір толқын Кенанды бауырына тартып
ілді де кетті. Осылайша үлкен бес пайғамбардың бірі –
Нұхтың баласы әкесінің көз алдында өлім құшты. Бірақ
бұл мейірімді пайғамбарға оңай тимеді. Жаны күйзеліп,
көзінен жас моншақтады.
Нұх пайғамбар (а.с.) осы кезде қолын жайып Хақ
тағалаға:
«Раббым! Күдіксіз, ұлым менің әулетімнен
ғой. Шындығында, Сенің уәдең хақ. Сондай-ақ Сен ең
123
«Һұд» сүресі, 42